Меню

Страницы

Статья

Әлемдік өркениетке жетудің басты кепілі

Қандай мемлекет, қандай ұлт болсын, өзінің даму тарихында түлеп, түрленіп, жаңғырып отырмаса, онда қоғам дамуының үдерісіне ілесе алмай қалатыны сөзсіз ақиқат. Бұл адамзат өркениетінің барысында дәлелденген. Сондықтан да, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің алғашқы жылынан бастап, ел дамуының ұлы жоспарларын жасап, даму даңғылын жетілдіріп отырды. «Қазақстан – 2030», «Қазақстан – 2050» стратегиялық даму жоспарлары – соның айғағы. Иә, осы арқылы мемлекетіміздің экономикалық әлеуетіне тың серпін берді. Ендігі кезекте, Мемлекет басшысы рухани әлемді жаңғырту арқылы қазақстандықтардың нағыз елжанды бейнесі мен болашаққа деген батыл қадамын орнықтыруды қолға алды.

Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында: «Мақсатқа анық жету үшін біздің ісімізден санамыз алда жүруі керек» деп атап өтті. Енде­ше, рухани жаңғыру сынды ұлы баста­ма­ның басты жаңалығы – латын әліпбиіне көшу арқылы, сананы жаңғырту. Демек, қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру алдағы міндеттердің бірегейі деп білуіміз қажет.
Қыран құстың биікке самғауы үшін оған уа­қыт пен бап керек. Елбасымыз латын әліпбиіне көшу мәселесін дәл уақытында көтерді. Яғни, қазақ тілінің аясын кеңейтіп, ары қарай дамыту жолында көп болып жұмы­лып, бастаманы батыл жүзеге асыруы­мыз керек.
Заманауи өзектілігін жоғалтпай тұрған жазудың жаңғыруы – еліміздің ертеңі үшін аса маңызды бетбұрыс. Сондықтан әлемдік кеңістікке жол тартқан қазақ жұртына өрке­ниет­тің көкжиегін нұсқаушы латын әліпбиі болмақ. Себебі, латын әліпбиі – дүние­жү­зін­де кеңінен тараған. Әрі білім мен ғылымның тілі. Біздің Алматы облысында латын қарпіне көшуді жұртшылыққа түсіндіру мақ­сатында құрылған арнайы жұмыс то­бы­ның ел ішін аралап жүргеніне біраз бол­ды. Сонда, бір байқағанымыз – халықтың жаңа­лықты жатсынбай қабылдап, қуана құп­тап отырғаны. Ендігі мақсат – мемле­кет­тік аса маңызды істі аяғына дейін жеткізіп, рухани жаңғырудың басты белесін сәттілікпен бағындыру, ұлт игілігі жолындағы ортақ іске жұмыла кірісу.
Жаңа белесті бағындыруда жұмсалынып жатқан күш қазақ тілінің халықаралық аренадағы беделі мен мәртебесін арттыра түседі. Бұл – бүгінгі күннің талабы.
Латын әліпбиі бізге мүлдем жат емес. Өйткені Елбасымыз айтқандай, төл әліп­биі­міз­ге оралып отырмыз. Алты құрлықты таңғалдырып, осы асудан абыроймен өту – бар­ша­мыз­дың алдымызда тұрған ұлы міндет. Еура­зия­ның кіндігі, бейбітшіліктің бесігіне айналған тәуелсіз Қазақстан елінің бола­шаққа деген бағдары айқын. Әлемнің озық отыз елімен иық түйістірер сәті де жетті. Сондықтан Елбасымыз Нұрсұлтан Назар­баев халыққа Жолдауында: «Енді ешкім өзгер­те алмайтын бір ақиқат бар. Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды!» деп айтқандай, әліпбиді өзгерту Мәңгілік елдің Мәңгілік тілі үшін қажет. Көздеген мақсатқа жетудің жолы да осы.
Айдар БАШБАЕВ, 
Алматы облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы

https://aikyn.kz/2017/10/24/31191.html

Дата публикации
24 октября 2017
Дата обновления
16 марта 2020
Тип
Интервью

Сейчас читают

06 апреля 2026
В Алматинской области начаты плановые проверки соблюдения законодательства Республики Казахстан о языках на I полугодие 2026 года.
Информация
30 марта 2024
О проране плотины Ворошиловского водохранилища
Информация
04 марта 2024
Важное сообщение из оперативного штаба Алматинской области!

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram
VK
Youtube

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы