Бүгінгі жиын қазақ елі үшін маңызды. Төл жазуымызды қалыптастырып, тіліміздің қанатын кеңге жаюы баршамызды қуантатыны анық. Ал, бүгінгі жиын – жарқын бастамалардың баспалдағы іспеттес. Мен мына 4 жобаның ішінен 2 жобаны (акут) қолдаймын. «Ч» дыбысын алып тастағаны дұрыс болды. Ал, 3 жобадағы диакритика саны өте көп деп санаймын. Мысалы, екі қос нүктенің арасы жазылғанда қосылып кетуі мүмкін. Бұндай жағдайда дыбыстар түбегейлі өзгеріске ұшырайтыны сөзсіз.
Сайлау Қожағұлов,
қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к.