Меню

Страницы

Статья

Тіл тағдырына бей-жай қарамайық!

Бүгін біз ҚР Үкіметіне ұсынылайын деп отырған жаңа әліпбидің нұсқасын ашық талқылауға келдік. Әр қайсымыздың ұсынысымыз, пікіріміз өте маңызды. Баршамызға әліпбидің 4 нұсқасын таратып берді.

Менің түсінігімше, 1 жоба – ең алғашқы нұсқасы.

Ал, 2 жоба, яғни акут жобасы алғашқы әліпбидің жетілдірілген нұсқасы. Бұл жерде де өзгерістер бар. Яғни қазақ тілінің төл сөздерінде кездеспейтін «Ч» дыбысы алынып тасталған.
3 жоба – умлаут жобасын нағыз тілтанымдық жоба деп атасақ болады. Себебі, бұл жерде қазақ тілінің фонологиялық ерекшеліктері негізге алынған. Қазақ тілінің дауысты және дауыссыз дыбыстарына лайықты диакритика қойылған. Акуттағы негізгі назар техникалық (компьютерлік) тілге бағытталған. Копьютерде оңай жазылғанымен, қазақ тіліндегі дауысты, дауыссыз дыбыстардың айырмашылығына қарамай, бірегей акутпен берген.
4 жоба бойынша оң пікір айта алмаймын және талдаудың да қажеті жоқ деп санаймын.
Умлаут жобасын А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының 2008 жылдан бері құрастырып, сараптамадан өткізген. Ә. Қайдаровтың бастамасымен 1993 жыдан бері қарастырылған. Сондықтан бұл жобаны қолдауға толықтай негіз бар деп айта аламын. Жазуымыздың көркі – халқымыздың көркі. Осы тұрғыдан қарасақ, умлаут тілтанымдық жобасы – әбден сараланып, жүйленген нұсқа. Біз не үшін латыннегізді әліпбиді қабылдап отырмыз?! Қазақша сөйлеуді қалыптастыру үшін, ұлттық негіздегі төл таңбамызды нықтап орнықтыру үшін. Қиын болса, қиындыққа төзіп, тіл тағдырына бей-жай қарамайық!

 

Айна РАХИМОВА,

гуманитарлық факультет деканы, философия докторы (PhD)

Дата публикации
14 февраля 2020
Дата обновления
14 февраля 2020
Тип
Выступление

Сейчас читают

06 апреля 2026
В Алматинской области начаты плановые проверки соблюдения законодательства Республики Казахстан о языках на I полугодие 2026 года.
Информация
30 марта 2024
О проране плотины Ворошиловского водохранилища
Информация
04 марта 2024
Важное сообщение из оперативного штаба Алматинской области!

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram
VK
Youtube

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы