Меню

Страницы

Статья

Алматы облысының Жаркент қаласында 9 көшеге батыр-билердің есімі берілді

Панфилов ауданының орталығы - Жаркент қаласының 11 көшесі жаңа атауларға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жазиралы Жаркент жері ежелден-ақ ән мен жырдың, толайым тарихи оқиғалардың тірі куәсіндей шежірелі өлке, халықтық қадір-қасиетті баяғыдан-ақ мейілінше қастерлеп, айрандай ұйып отырған өңір. Күллі қазақ жеріндегі сияқты мұнда да ел бастаған көсемдер, ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен шешендер, айбатты батырлар мен атақты билер өткен. Биылғы 2020 жылдың алғашқы күндерінде Жаркент қаласының бірнеше көшесіне сондай тұғырлы тұлғалардың есімдері берілді. Атап айтқанда, бұдан былай жаңа шағын аудандағы №6 көше – Ұзын мұрт Ұзақ батырдың, №7 көше – Шойнақ батырдың, №9 көше – Сатай батырдың, №10 көше – Дөнен бидің, №11 көше – Шәнті бидің, №12 көше – Бөлек батырдың, №13 көше – Бағай батырдың, №16 көше – Салпық бидің, бұрынғы «Набережная» көшесі Нұржеке батырдың есімімен аталатын болды. Сонымен бірге бұрынғы «Шекарашылар» көшесі мен №17 көшеге ауыл шаруашылығы саласында ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосқан Тұрғанғазы Жапарқұловтың және Нәби Сарпековтың есімдері берілді.

 

https://www.inform.kz/kz/almaty-oblysynyn-zharkent-kalasynda-9-koshege-batyr-bilerdin-esimi-berildi_a3604066

 

Дата публикации
16 февраля 2020
Дата обновления
16 февраля 2020
Тип
СМИ о нас

Сейчас читают

06 апреля 2026
В Алматинской области начаты плановые проверки соблюдения законодательства Республики Казахстан о языках на I полугодие 2026 года.
Информация
30 марта 2024
О проране плотины Ворошиловского водохранилища
Информация
04 марта 2024
Важное сообщение из оперативного штаба Алматинской области!

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram
VK
Youtube

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы