Меню

Страницы

Статья

Бір өлеңі — бір әлем

Жыр жазғанның бәрі дарынды емес, жазылған жырдың бәрі жалынды емес екендігі хақ. Қазақ поэзиясындағы шоқтығы биік тұлға Мұқағали Мақатаевтың туындылары жыр әлемінің көгінде. «Мен XXI ғасырдың құрдасымын» деп өзі айтқандай, ол ғасыр мен ғасырды жалғастырған алтын көпір. Сондықтан болар, оның отты жырларын оқыған әр адам өз тағдырымен тілдескендей күй кешеді.  Қиял қырларына жыр еккен поэзия патшасы өлеңнің мәңгілік өлмейтіндігін дәлелдеп кетті. Ақиық ақынның туған күніне орай Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйытқы болуымен «Бір өлеңі – бір әлем» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Жиынға кино және театр актрисасы, Алматы облысының Құрметті азаматы,  «Құрмет» орденінің иегері  Алмахан Кенжебекова,  І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің профессоры Мұратбек Иманғазинов, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Сайлау Қожағұлов, ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Ақпарат саласының үздігі, «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары Жұматай Әміреев, Сүйінбай атындағы облыстық филармония әншілері Бейбіт Мұсаев, Құралай Шаяхметова қатысты.  Жұматай Оспанұлы «Жыл сайын осы уақытта  қазақ даласы Мұқағалиды еске алады. Бұл туындыларының  «Қасиетіңнен, қара өлең, айналайын, қазақтың дәл өзіндей қарапайым» деп өзі айтқандай қарапайымдылығы. Жырлары баланың да санасына сіңіп кетеді, дананың да жүрегінен орын табады. Мұқағали тек Қарасаздың емес, күллі қазақ елінің баласы. Барлығымыз ақынның жырларымен сусындап өстік»-деп естеліктерімен бөлісті.

https://taldykorgan-online.kz/?p=18488

 

Дата публикации
10 февраля 2020
Дата обновления
10 февраля 2020
Тип
СМИ о нас

Сейчас читают

06 апреля 2026
В Алматинской области начаты плановые проверки соблюдения законодательства Республики Казахстан о языках на I полугодие 2026 года.
Информация
30 марта 2024
О проране плотины Ворошиловского водохранилища
Информация
04 марта 2024
Важное сообщение из оперативного штаба Алматинской области!

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram
VK
Youtube

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы