Меню

Страницы

Статья

Қазақ тілін жаңғыртудың басты көрсеткіші — латын жазуына көшу

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев:»Кез келген ұлттың әліпби таңдауы тек жазу үлгісін таңдау емес. Бүгінде Қазақстан халқы да замана көшінен қалмай, латын графикасына негізделген әліпбиді таңдауға бел буып отыр. Көрші мемлекеттердің көпшілігі латын графикасын таңдады. Әлемдегі ақпараттардың 90 пайызы латын графикасында жарық көреді. Ал ақпаратқа кім иелік етсе, ғылым мен технологияға да сол ие болады. Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі – рухани жаңғырудың шешуші кезеңі»- деп атап көрсетті.

Тіл сарайында қазақ тілінің латын графикасы негізіндегі әліпбиін жетілдіру бойынша ашық талқылау жиыны өтті. Шараға І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің филолог ғалымдары, арнаулы оқу орындарының оқытушылары, Талдықорған қаласындағы мектептердің қазақ тілі пәнінің мұғалімдері, «Тіл» оқу-әдісетмелік орталығының оқытушылары, БАҚ өкілдері қатысты. Жиынды Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А.Башбаев ашып,  өткен жылы өңірде латыннегізді әліпби бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.     « Бүгінгі басқосудың жөні бөлек. Президенттің  тапсырмасына сәйкес, латыннегізді  қазақ тілі әліпбиін жасау  мәселесі  еліміз бойынша талқыланбақ.  Сіздерге әліпбидің төрт нұсқасы ұсынылып отыр. Осы аталған нұсқалар бойынша өз ойларыңызды ортаға  салсаңыздар. Ал пікірлер   Қоғамдық сананы жаңғырту бағдар­ла­масын іске асыру жөніндегі ұлттық комис­сияға ұсынылады,- деді облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы.

 Алғашқы сөзді І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының деканы, (PhD) философия докторы Айна Рахимова алды.  Ол өзінің әліпбидің умлаут нұсқасын таңдайтындығын айтып,  ерекшеліктеріне назар аударды.

 Сондай-ақ, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі (PhD) философия докторы Гүлім Чүкенаева латыннегізді әліпбидің тиімді тұстарын айта келе, бұл жалпыхалықтық мәселені шешуге баршаны бірігіп  атсалысуға шақырды. Ал қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент), ф.ғ.к. Қарлығаш Сарбасова латыннегізді әліпбиді жасөспірім балаларға үйрету еш қиындық тудырмайтындығына тоқталды. Төл әріптеріміз ң, ғ, і таңбалануына қатысты пікір білдірді.

 Б. Жолбарысұлы атындағы орта мектеп-лицейдің мұғалімі Анар  Садуақасова: « Жазу – әрбір халықтың рухани, мәдени өсуін, даму деңгейін көрсететін әлеуметтік мәні зор құбылыс. Ол өткен мен бүгінді, бүгін мен келешекті жалғастыратын алтын көпір. Сондықтан жазу, алфавит адамзат тарихындағы құнды дүниелердің бірі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа мирас етіп қалдыратын байлығымыз. Балаларға да, үлкенге түсінікті болатындай нұсқаны таңдағанымыз жөн болар»-деді.

 Шараға  қатысушы­лар латын графикасы негізінде қазақ әліпбиінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік беретін қажеттіліктер туралы өз пікірлерін ортаға салып, латын қарпіне көшудің оңтайлы екенін, әр адам ынта-ықылас танытуы керектігін тілге тиек етті. Қазіргі таңда латын әліпбиі үлкен беделге ие болып, қолданыс аясы да мүмкіндігі де зор екендігін танытып отыр.

 Жиын соңында  қатысушылар өздері таңдаған нұсқаны жазбаша қалдырды.

 

https://taldykorgan-online.kz

Дата публикации
17 февраля 2020
Дата обновления
17 февраля 2020
Тип
СМИ о нас

Сейчас читают

06 апреля 2026
В Алматинской области начаты плановые проверки соблюдения законодательства Республики Казахстан о языках на I полугодие 2026 года.
Информация
30 марта 2024
О проране плотины Ворошиловского водохранилища
Информация
04 марта 2024
Важное сообщение из оперативного штаба Алматинской области!

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram
VK
Youtube

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы