Талғар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 3 наурыздағы № 3-14 «Талғар ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Талғар аудандық мәслихатының «Талғар ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» 2021 жылғы 3наурыздағы № 3-14 шешіміне (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 5898 болып тiркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы қазақ тілінде жаңа редакцияда жазылсын:
«Талғара уданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері»;
көрсетілген шешімнің 2-тармағы алып тасталсын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызмет бағыты