🔹 ТАЛҒАР АУДАНЫ ӘКІМІ ТАС-ҚҰМ ШЫҒАРАТЫН КӘСІПОРЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ 🔹
🔹 ТАЛҒАР АУДАНЫ ӘКІМІ ТАС-ҚҰМ ШЫҒАРАТЫН КӘСІПОРЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ 🔹
Аудан әкімі Танат Есенкелдіұлы Айдарбеков Талғар ауданындағы инертті материалдар өндіретін кәсіпорындардың басшыларымен кездесті.
Кездесу барысында карьерлік өндірістің қоршаған ортаға әсері, техника қозғалысының тәртібі, жүк көліктерінің қауіпсіздігі, жолдарды пайдалану және өңір экономикасына қосып жатқан үлесі жөнінде бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.
Қазіргі таңда аудан бойынша 6 ірі компания инертті құрылыс материалдарын (тас, құм) өндірумен айналысуда. Атап айтқанда: 1. ТОО «Озентас» 2. ИП «Арсамаков И.М.» 3. ТОО «Актас М» 4. ТОО «Компания САПА 2004» 5. ТОО «Мирас Групп Трэйд» 6. ТОО «Амангельды KZ»
Аудан әкімі өндірістік кәсіпорындарға заң аясында жұмыс істеу, қоршаған ортаға зиян келтірмеу және әлеуметтік жауапкершілікті арттыру бойынша нақты тапсырмалар берді.