Талғар ауданының 2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік – экономикалық даму қорытындылары туралы анықтамасы

Талғар ауданының

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекайларындағы әлеуметтік – экономикалықдамуқорытындылары туралыанықтамасы

Бюджет

Кірістер

Жалпыбюджетке 9 айында – 85 934,1 млн.теңге салықтықтүсімдержиналып,жоспар 102,8 % орындалған(өткен жылменсалыстырғанда122,6%). Оның ішінде:

Республикалықбюджетке – 46 874,6 млн.теңге түсті,жоспар 102,2% орындалды (өткенжылдеңгейіне – 136,6%).

Жергілікті бюджетке – 39 059,5 млн.теңгетүсімдержиналған, жоспардың орындалуы 103,5%, (өткен жылдеңгейіне – 109,1%).

Жергілікті бюджеттің ішінде:

-аудандық бюджетке – 20 917,2 млн.теңгетүсіп, болжам105,2 %-ға орындалған (өткенжылменсалыстырғанда – 110,2%);

-ауылдық бюджетке – 10 251,6 млн. теңге түсіп, болжам 101,1%-ғаорындалған (өткенжылменсалыстырғанда123,2%).

Құрылыс бөлімі –355,3 млн.теңге

345,8 млн.теңге - халықтың әлеуметтік осал топтарына тұрғын - үй сатып алудан (қыркүйек айының басындаоблыс көлемінде мемлекеттік сатып алудың тоқтатылуына байланысты игерілмеді. (29 қыркүйекте жалпы құны 1 120,0 млн теңге болатын 40үйге мемлекеттік сатып алу жарияланды. Қорытынды 6 қазанда 15 үйге 450,0 млн.теңгге шықты. 25 үй 670,0 млн. теңгеге өтпеді дептанылды)).

9,5 - млн.теңге аудан бойынша қызметкерлердіңеңбекақы қорынан, аударымдардан, коммуналдық қызметтерге ақы төлеуден үнемделгенжәне басқа шығындардан қалған қаражат.

Ауылшаруашылығы

Ауданның агроөндірістік кешенінде 1,6 мыңға жуық ауыл шаруашылыққұрылымдарытіркелген, 11 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған.

Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жиынтық көлемінің құны 51 806,7 млн.теңгені құрады, жоспардыңорындалуы – 108,1 %. Өткен жыл деңгейімен 126,3% өсіп отыр. Нақты көлем индексі – 104,2 % (жоспар 105,7 %).

Көктемгі, күзгі дала жұмыстары

Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу жоспарына сәйкес 12 942 га жерге ылғал жабылды,7 863 га жер жыртылды, 14 563 га алқап егіс алдындағы өңдеумен қамтамасыз етіліп, жоспар 100,0 % орындалды.

2026 жылғы 31 шілдеде жарияланған «Алматы облысында 2026 жылғы өнімге арналған ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптары» атты бюллетеньге сәйкес, жұртшылық қауымның егіс алқаптарын қоспағанда, аудан бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс алқабы 20 025,1 га құрады. Оның ішінде: 9 682,4 га дәнді дақылдар (бидай 1803,1 га, арпа 1891,6 га, жүгері 4959,4 га, сұлы 150 га, тритикали 878,4 га), 2 389 га майлы дақылдар (майбұршақ 951 га, күнбағыс 295 га, мақсары 1143 га), 536,6 га көкөніс, 102,1 га бақша дақылдары, 85,4 га картоп, 7 229,5 га мал азықтық дақылдар.

Сонымен қатар, 50 га алқапқа жеміс-жидек көшеттері отырғызылды.

Бүгінде дәндік жүгері мен майбұршақтан басқа, көкөніс, картоп, масақты дәнді және бақша дақылдарының жиын-терін жұмыстары толық аяқталып, барлығы 67 474 тонна өнім жиналды:

- Дәнді дақылдар: 4 723,1 га алқаптан 17,2 ц/га өнімділікпен 8 140 тн.

- Картоп: 689,3 га алқаптан 243,2 ц/га өнімділікпен 16 764 тн.

- Көкөніс: 916,4 га алқаптан 346,9 ц/га өнімділікпен 31 786 тн.

- Бақша дақылдары : 102,1 га алқаптан 200,8 ц/га өнімділікпен 2 050 тн.

-Жеміс-жидек: 903,7 га алқаптан 96,0 ц/га өнімділікпен 8 674 тн.

-Жүзім: 8,6 га алқаптан 70,0 ц/га өнімділікпен 60 тн.

Жем шөптің барлық түрлері бойынша мал қыстату науқанына жоспарлаған көрсеткіштер 100,0 % орындалып, жалпы 227,4мың тонна (83000тонна шөп, 37500тонна пішендеме, 17400тонна сабан, 17900тоннажем, 71600 тонна сүрлем) өнім жиналды.

Күздік егу жоспарына сай 6 300 га алқаптың 5 500 га сүдігер жыртылып (87.3 %) , жоспарланған 1 900 гакүздік дақылдардың 1 330 га егілді немесе70,0 % орындалды.

Сатып алуға жоспарланған 76 дана жаңа техниканың, бүгінде 71 данасы

2 276,0 млн.теңгеге сатып алынды, о.і. лизинг арқылы 30 техника1 245,4 млн.теңге(жоспарға -93,0 %).

Күзгі дала жұмыстарын жүргізуге қажетті арзандатылған дизель отыны бойынша 146 тоннаға өтінім жолданып, бүгінде 103 тоннасы игеріліп, 78,0% орындалды.

Енгізу қажеттілігіне сай 6 100 тонна тыңайқыштар сатып алынып, 100,0 %игерілді (2025 ж. – 4509 тн).

«Кендала» бағдарламасы

«Кендала» бағдарламасы аясында721,0 млн.теңге қаражат бөлінді. 231,0 млн.теңгеге 2 жоба қаржыландырылды (205,7 млн.теңгеге 1 жоба СПК Қонаев арқылы "Acd Invest" ЖШС, 25,4 млн.теңгеге 1 жоба АКК арқылы"Амантай Агро" ЖШС).Бағдарлама32,0 % орындалды.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы

2023–2025 жылдар аралығында «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру шеңберінде жалпы құны 1 557,6 млн.теңгені құрайтын 165 жоба «Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына қаржыландыруға ұсынылды. Оның ішінде 617,7 млн теңгеге 65 жоба қаржыландырылды (о.і. 3 СПК - 83,7 млн теңге), 50 жоба өз еріктерімен несиеден бас тартқандар,50 жобасы осы жылғы лимитке енгізілді.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында микрокредит беру мен лизингтің басым бағыттары айқындалып, әрбір ауылдық елді мекен бойынша скрининг нәтижелері негізінде талдамалық ақпарат әзірленді. Аталған ақпарат облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен келісілді.

Ауыл шаруашылығы басқармасы қалыптастырған лимитке сәйкес жобалар тізімі бекітіліп, жалпы сомасы 1 163,4 млн.теңгені құрайтын 90 жобаға қаржы бөлу жоспарланды (жеке қосалқы шаруашылық (ЛПХ) – 10 жоба (оның ішінде 1 СПК); мал шаруашылығы – 48 жоба (о.і. балық шаруашылығы бойынша 1 СПК); қайта өңдеу саласы – 8 жоба (оның ішінде 8 СПК); өзге бизнес бағыттары – (24 жоба).

Бағдарламаға қатысуға ниетті азаматтарды ақпараттандыру мақсатында ауыл әкімдері мен «Әділет» партиясының өңірлік үйлестірушілерінің қатысуымен 10 ауылдық округ бойынша WhatsApp чаттары құрылды.

Ағымдағы жылдың 15 шілдесінен бастап СПК бойынша құжаттар қабылдануы басталды. Бүгінгі күнге 10 СПК құрылды (1-уі жылыжай кешені, 1-уі балық шаруашылығы, 8-і қайта өңдеу саласы).

28 шілдеден бастап жеке кәсіпкерлер құжаттары қабылдануда.

Бүгінгі күнге 2026 жылға бекітілген лимит шегінде жалпы құны 402,2 млн.теңгені құрайтын 26 жобаның құжаттары «Қонаев» ӘКК ұсынылды. Оның ішінде: 10 жоба 173,0 млн.теңгеге қаржыландырылды (оның 3-уі СПК, «Алинур АА» - етті қайта өңдеу, «Агро Соф» - етті қайта өңдеу, «Ақырыс» - сүтті қайта өңдеу бағыттарында), қалған 16 жоба 229,2 млн.теңгеге «Қонаев» ӘКК қаралу үстінде.

Өнеркәсіп

Өнеркәсіп орындарымен өндірген өнім көлемі 111 881,7 млн.теңгені құрап, жоспар 97,8%орындалды. Нақты көлем индексі – 172,9 % (жоспар-106,8).

Жоспардыңорындалмаусебебі:

«Интеллсервис» ЖШС - өндірілген өнімге деген сұраныстың төмендеуінен және өткізунарығыныңтөмендеуіненжоспарлы көрсеткішке шықпаған (қазіргі таңдаҚытайхалық республикасының өнімдері сатылуда).

Жыл басынан бері ауданда 1 жаңа өндірістік нысан және 1 өндіріс кеңейту жобасы іске қосылды, жалпы инвестиция көлемі – 2 256,0 млн теңге, 80 жұмыс орны ашылды:

- ЖШС «Khan Gourmet» - ет өңдеу зауыты (Панфилов ауылы) – ірі қара және құс етін өңдеу. Өндірістік қуаты – жылына 10 мың тоннадан астам, инвестиция – 2000 млн теңге, 75 жұмыс орны;

- ЖШС «Anadel» өндірісін кеңейту (Қарабулак ауылы) – қышқыл сүт өнімдері өндірісі. Өндірістік қуаты – жылына 500 тонна (373,4 млн теңге), инвестиция – 250 млн теңге, 5 жұмыс орны.

Шағын және орта бизнес

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің белсенді саны 9 айда – 23 147, өткен жылмен салыстырғанда 11,6% азайған, бұл салада 51 334 адам жұмыспен қамтылып, өткен жыл деңгейіне 109,2% артқан.

Өндірілген өнім көлемі – 418,8 млрд. теңге, бюджетке 33,4 млрд. теңге салықтық түсімдер түсті, өткен жылмен салыстырғандатиісінше105,2%, 106,7% өскен.

Жыл басынан бері ауданда сауда және қызмет көрсету саласының 42 нысаны пайдалануға берілді. Жаңа нысандар қатарында дүкендер, мейрамхана, сауда нүктесі бар көлік жуу орны, сондай-ақ көпфункционалды сауда кешені бар («24/7», «SULTAN SEDLO» дүкендері Гүлдала ауылы, «Диана» дүкені Жалқамыс ауылы, «Nemat» дүкені Көктал ауылы, «Бақыт» мейрамханасы Жалқамыс ауылы, Көлік жуу орны және дүкен ЖК «Лаптиева Е.И.» Кендала ауылы, Сауда кешені ЖК «Үкібай» Тұздыбастау ауылы, Дүкен ЖК «Мендіжасаров» Тұздыбастау ауылы және т.б.).

Пайдалануға берілген нысандардың жалпы ауданы – 17 466 шаршы метр, 198 жұмыс орны құрылды, инвестициялар көлемі – 7,3 млрд теңге.

Туризм

Ауданда39 туристік объектілер қызметкөрсетеді (оның ішінде 10 – Талғар қаласында, 29 – ауылдық округтерде)Оларда 506 адам жұмыспен қамтылған. Көрсетілген қызметтер 2 508,2 млн.теңгеге жеткен, өткен жылмен салыстырғанда 36,6 есеге өскен (2025 ж.01.10.-1 835,9 млн. тенге).

Тауарайналым

Бөлшек тауар айналымының көлемі 9 айда – 127 098,5 млн. теңгені құрады, жоспардыңорындалуы – 105,1%.НҚИ – 101,8 % (жоспар-105,5%)

НҚИ орындалмау Себебі:

Халықтың сатып алу қабілеті мен төлем белсенділігі әлсіреп, несиелеу шарттары қатаңдады және салық жүктемесі артты.

Каталогтағы шамамен 12 компанияның қызметі уақытша тоқтатылып тауар ағындары мен сатылым көлемдері қысқарды. Өңірдегі ірі сауда қатысушысы «Aster Auto» ЖШС-нің сауда көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда едәуір қысқарды (2025 жылғы қаңтар–қыркүйек7,5 млрд теңге болса, 2026 жылдың осы кезеңінде 1,7 млрд теңгені құрады). Компания бұрын Omoda, JAC, Jetour маркалы жаңа автокөліктердің ресми дистрибьюторы болса, қазіргі таңда тек екінші қолданыстағы (б/у) автокөліктерді сатуға көшкен.

Көтерме сауда айналымы – 179 858,9 млн. теңге, жоспардыңорындалуы – 86,5%.НҚИ – 100,1% (жоспар-126,5%).

Жоспардың, НҚИ орындалмаусебебі:

Ірі сауда субъектілерінің бизнес-модельдері өзгеруіне байланысты сату форматтары мен дистрибьюция бағыттары азайды. Салықтық жүктеменің артуы, несиелеу шарттарының қатаюы және тауар ағындарының өзгеруі жалпы көрсеткіштерге кері әсер етті.

Инвестиция

Негізгі капиталға тартылған инвестицияның көлемі112 616,7 млн.теңгені құрады, жоспардың орындалуы – 81,0%.Нақты көлем индексі – 95,7% (жоспар-100,0%).

Жоспардың, НҚИорындалмаусебебі:

Аяқталған жұмыстардыдәлелдейтін инвестициялық жобалардың негіздеме құжаттары толықтырылмағандықтан, статистикалықесептен алынып тасталған (4,0 млрд. тенге -ЖШС «Family Hotel Almaty», 5,2 млрд.тенге - Oi-Qaragai Mountain Resort, 3,3 млрд. тенге - «ALATAU GREEN PRODUCTION» ЖШС, 2,7 млрд.тенге -тұрғын үй кешендері арқылы көрсетілген (1,8 млрд-ЭлитСтрой)).

Сонымен қоса бірқатар ірі инвестициялық жобалардың іске асырылу қарқынының баяулауы, құрылыс мерзімдерінің кейінге шегерілуіне және инвестициялық қаражаттың игерілу деңгейінің төмендеуіне байланысты болып отыр («Unifruit Production» ЖШС, «Water Supply» ЖШС, «GasProSolutions» ЖШС).

Қазіргі уакытта бірқатар инвестициялық жобалар жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және келісу, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезеңінде тұр.

9 ай ішіндегі іске асырылып жатқанауылшаруашылығы саласында 19 964 млн.теңгені құрайтын, 425 адам жұмыс орнымен қамтамасыз ететін, жаңа 3 жоба іске асырылуда:

1. «Баймене» ЖШС – жылдық қуаттылығы 2000 тонналық тосап, джем шығаратын цех құрылысы, жоба құны – 1 млрд. 703 млн.теңге. Жұмыспен қамтылатын адамдар саны – 5 адам.

2. "Alatau Green Production" ЖШС - 8 га жылыжай кешені, жоба құны - 16 млрд 761 млн теңге, 400 адамды жұмыспен қамтымақ.

3. «Лукоморье» ЖШС -24 га алқапқа сәндік және орман ағаштарының 40 түрлі көшеттерін өсіретін көшетжай жобасы, құны – 1 млрд. 500 млн. теңге. Жұмыспен қамтылатын адамдар саны – 20 адам.

Өнеркәсіп саласы бойынша 791,0 млрд теңгеге жалпы 60 ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда (75 747 жұмыс орнымен). Оның ішінде ағымдағы жылы 19,4 млрд теңгеге 6 жобаны аяқтау жоспарлануда, оларда 330 жұмыс орны құрылады:

ЖШС «Meisster Company» – құрғақ құрылыс қоспалары зауыты (3,3 млрд теңге);

ЖШС «СтройИнвест TS» – көпфункционалды өндірістік-логистикалық кешен құрылысы (2,0 млрд теңге);

ЖШС «Hong Shun» – сұйық шыны өндірісі зауыты (7,0 млрд теңге);

ЖШС «UneedUs» – асфальтбетон қоспаларына целлюлозды тұрақтандырғыш қоспа өндірісі (0,655 млрд теңге);

ЖШС «Транспортная компания «Аманат» – транс-логистикалық орталық құрылысы (0,755 млрд теңге);

ЖШС «TAMA Caps» – кофемашиналарға арналған алюминий капсулдары өндірісі (1,6 млрд теңге).

Құрылыс жұмыстары, тұрғын үй

Құрылысжұмыстарының көлемі44 971,0 млн.теңге, жоспардыңорындалуы- 102,3%.Нақтыиндекскөлемі -120,9% (жоспар-112,5%).

342,7 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді, жоспардыңорындалуы- 113,7%.Өсу деңгейі – 139,8% (жоспар-40,7%).

Үстіміздегіжылы бюджеттік қаражаттар есебінен келесі жобаларға қаржы қарастырылып, келесідей жұмыстар жүргізілуде:

1. Талғар қаласында 9 қабатты 72 пәтерлі2 тұрғын үйдің құрылыс

жұмыстарына- 431,5 млн. теңге (өтпелі жобалар) бөлініп, құрылыс жұмыстарытолық аяқталып, 1 үй (4 дақ) пайдалануға аудандық тұрғын-үйжәне тұрғын -үй инспекциясы бөлімінеқұрылыс бөлімінен қабылданды. 1 үйдің (5 дақ) техникалыққұжаттамалары дайындалуда .

Құрылыс жұмыстары тоқтап тұрған (дақ 1,2) екі үйді СПК Қонаев арқылыинвесторларды тарту жұмыстары жүргізілуде.

2.Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тұрғын үй сатып алуға –

4 841,3 млн. теңге бөлініп (292 пәтер), 505, 4 млн. теңге (27 пәтерге) игерілген. 1475,4 млн. теңге 2025 жылы сатып алынған 230 пәтердің қоса қаржыландыруына игерілді. Қазан айында конкурс жарияланып, 15 пәтерге келісім шарт жасалынуда.

Үстіміздегі жылы 173 пәтер берілген: ардагерлерге — 3, көпбалалы отбасыларға — 37, жетім балаларға — 42, мүгедектігі бар адамдарға — 54, толық емес отбасыларға — 6, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелейтін отбасыларға — 31.

Коммуналдық шаруашылықсаласы

Сумен жабдықтау және су бұру

Ауданның 46 елді мекенінің 44-і орталықтандырылған сумен жабдықталған, қамту деңгейі — 95,6%. Орман ауылында сумен жабдықтау орталықтандырылмаған. Су құбыры желілерінің тозуы - 90,0% деп бағаланады.

2024 жылдан бастап Бесағаштың оңтүстік бөлігінде, Кіші Байсерке және Ақдала ауылдарында 83км желі салу жобалары іске асырылуда. Бесағаштың оңтүстік бөлігіндегі құрылыс-монтаж жұмыстары 100,0% орындалған, төлем мәселесі қаралуда. 31,324 км сыртқы желі салынып, 825 абонентті қосу мүмкіндігі жасалған.

Кіші Байсерке және Ақдала бойынша дайындық — 90,0%. 2026 жылға қаржыландыру көлемі — 1 982 млн теңге, қосымша қажеттілік — 130,1 млн теңге. Аяқтау мерзімі 2026 жылғы IV тоқсанға жоспарланған.

Кіші Байсеркеде жобада көзделген 22,5 км желі толық төселген. Әрқайсысы 150 м³ болатын екі резервуар мен сорғы станциясы салынуда. Жобадан тыс қосымша шамамен 3,5 км желі қажет, тиісті құжаттар дайындалуда. 15 қыркүйекте жұмыс мерзімдері бойынша сотқа дейінгі талап жолданған.

Панфилово ауылында сумен жабдықтау қалпына келтірілген. «Панфилово ауылындағы сумен жабдықтау жүйесін реконструкциялау және салу» жобасы бойынша оң сараптама қорытындысы бар ЖСҚ дайын, қаржыландыру күтілуде.

Талғар қаласының сумен жабдықтау жүйесін реконструкциялау төрт кезекке бөлінген. Бірінші кезектің құны — 4 584,2 млн теңге, су жеткізгіш ұзындығы — 2,6 км, тарату желілері — 54,5 км; оң сараптама 2025 жылғы 14 ақпанда алынған. Екінші кезек бойынша — 4 807,8 млн теңге, су жеткізгіш — 3,7 км, тарату желілері — 65,3 км; сараптама 2025 жылғы 27 қарашада алынған. Үшінші кезек бойынша оң қорытынды бар, төртінші кезектің ЖСҚ-сы әзірленуде. ҚМЖ бастау үшін қаржыландыру қажет.

Тұздыбастау ауылын сумен жабдықтау бойынша ЖСҚ-ны «Redline Pro» ЖШС 2023 жылғы 2 наурыздағы №14 шарт негізінде әзірлеуде. Аяқтау 2026 жылғы желтоқсанға жоспарланған. Негізгі мәселелер — су қысымының төмендігі және желілердің жоғары тозуы.

Бесағаштағы «Бурабай» шағын ауданының кәріз жүйесі бойынша

ЖСҚ дайындалған, әзірлеуші — «Димаш-Сервис» ЖШС. 2025 жылғы

29 желтоқсандағы №МС-0129/25 сараптама қорытындысы алынған. ҚМЖ-ға өтінім берілген.

Жылумен жабдықтау

Талғар қаласындағы 4 көпқабатты тұрғын үйлердің (Рысқұлов 83, Жандосов 37,38 Ноғайбаев 18) блокты-модульдік қазандық бойынша жұмыстары аяқталған.

Қалған 4 көпқабатты тұрғын үйлерге (Қашқари көшесінің №3, 7, 9 және Емелев көшесінің №16) арналған блокты-модульдік қазандық бойынша жұмыс жалғасуда. Шарттағы бастапқы іске қосу мерзімі — 2026 жылғы 10 мамыр. Авторлық қадағалаудың 20 тамыздағы ақпараты бойынша жұмыстар кешіккен; талон мерзімі 2026 жылғы 6 қарашаға дейін ұзартылған.

Панфилово ауылындағы Абай көшесінің 1–6 үйлеріне арналған БМҚ бойынша «ЭВА Люкс» ЖШС-мен 2026 жылғы 25 ақпанда 194,0 млн теңгеге шарт жасалған. Қыркүйектегі мәлімет бойынша қаржыландыру болмаған. Панфиловодағы 15 көппәтерлі үйге арналған БМҚ бойынша бұрын 568,5 млн теңге көрсетілген.

Жылумен жабдықтау нысандарының 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына 100,0% дайын.

Электрмен жабдықтау

10 тұрғын үй құрылысы нысанында «АЖК» АҚ-да 3 319 дербес шот ашу көзделген. Бес нысанда 1 571 шот ашылған, бұл — 47,3%; ашылуға тиіс шоттар саны — 1 748. Электр желілері мүлкін ресімдеу және беру жұмыстары жалғасуда.

Жібек жолы ауылындағы Нұрлы Дала тұрғын алабының №1928 трансформаторлық қосалқы станциясы «АЖК» АҚ теңгеріміне беру жөніндегі жол картасына енгізілген. Жер құжаттарын ресімдеу, тексеру, теңгерімге беру және дербес шоттар ашу көзделген.

Еркін ауылында қосымша үш трансформаторлық қосалқы станцияны сатып алу және орнатуға бюджет өтінімі дайындалуда; іске асыру қаржыландыру туралы шешімге байланысты.

Газдандыру

46 елді мекеннің 42-сі газдандырылған — 91,3%, газ желілерінің ұзындығы — 997,53 км.

2026 жылға Қаратоған, Нұра, Өстемір және Туғанбай ауыл газдандыру шаралары көзделген, жоспарлы мерзім — IV тоқсан. Жаңалықта ҚМЖ жүргізілуде, аяқтау 2026 жылғы желтоқсанның соңына жоспарланған.

Абаттандыру және тұрғын үй мәселелері

2026 жылға Қызылқайраттағы жарықтандыру бойынша 58 шамға 10,2 млн.теңге және 68 шамға 12,0 млн.теңге көлеміндегі іс-шаралар көрсетілген. Береке, Рысқұлов және Амангелдідегі балалар алаңдарына әр нысан бойынша 12,9млн теңгеден көрсетілген; Амангелді бойынша смета нақтылануда.

Жолдар

Талғар ауданының автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы –1315,5 шақырымды құрайды, оның ішінде:

- республикалық маңызы бар - 56 км.

- облыстық маңызы бар - 213 км.

- аудандық және ауылішілік - 1046,5 шақырымоның ішінде:

аудандық маңызы бар жол – 86 км

ауылішілік жолдар – 960,5 км.

Аудандағы аудандық және ауылішілікжолдардың 750 шақырымы жақсы жағдайда -71,7 % (асфальтобетон), 296,5 шақырымы қанағаттанарлық жағдайда - 28,3% (қиыршық тас, топырақты).

Үстіміздегі 2026 жылға 4,7 млрд. теңгеге 96 көшеге (27 ауыл), яғни 77,5 шақырым жолға жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған:

Ауыспалы жобалар –16,8 шақырым.

Орташа жөндеу - Талғар қаласы 4,3 шақырым, Қайнар ауылдық округі 4,0 шақырым және Жайлы мектеп Коктал (мкр.Айганым) 2,6 шақырым.

Ағымды жөндеу - Кеңдала, Бесқайнар, Тұздыбастау а/о – 2,5 шақырым және Талгар, Гүлдала, Бесағаш, Алатау - 3,4 шақырым.

Жаңа жобалар –60,7 шақырым.

Орташа жөндеу жұмыстары – 29,0 шақырымжолды жөндеуге1 886,4 млн.тенге қаражат бөлінді (8 жоба). Қосымша қажеттілік - 1 371,0 млн.теңге.

Белбұлақ, Кеңдала, Алатау, Нұра, Қайнар (Жалгамыс, Жаңалық), Тұздыбастау, Гулдала, Панфилов (ҚызылТу) ауылдық округтердің көшелері кіреді.

Ағымды жөндеу жұмыстары – 31,7 шақырымжолды жөндеуге1 839,1 млн.тенге қаражат бөлінді (5 жоба). Қосымшақажеттілік – 579,3 млн.теңге.

Белбұлақ (Бірлік), Кеңдала (Енбекши), Алатау (Шымбұлақ, Рыскулов, Амангелді), Нұра (мкр.Төлеби), Панфилов, Белбұлақ, Бесағаш, Қайнар (Жалгамыс, Айганым), Тұздыбастау ауылдық округтердің жолдары.

Қазіргі уақытта ауыспалы жобалардын жоспарланған 16,8 шақырымы (3-орташа, 2-ағымды жоба) толық аяқталған.

Орташа жөндеу жұмыстарынан 27,0 шақырымы аяқталған(Алатау, Нұра, Панфилов, Кендала, Тұздыбастау ауылдық округ жолдары), қалған 2 шақырым жолдарға жұмыстар жалғасуда.

Ағымды жөндеу жұмыстары бойынша 22,9 шақырымы аяқталған (Талғар қ., Бесағаш, Гулдала, Алатау, Кендала, Панфилов ауылдық округ жолдары), қалған 24,6 шақырым жолдарға жұмыстар жалғасуда.

Жалпы жол жөндеу жұмыстарын толық аяқтау қараша айына жоспарланған.

Жол қауіпсіздігі

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жалпы 158,8 млн. теңге қарастырылған. Қазіргі таңда :

- ⁠105 жол белгісі орнатылды;

•12 жарықтандырылған жаяу жүргіншілер өткелі салынды;

•15 аялдама орнатылды;

•27 шақырым тұтас осьтік сызық сызылды;

•аудан бойынша жаяу жүргіншілер өткелдеріндегі жол таңбаларын жаңарту және сызу жұмыстары аяқталды.

2026 жылы Талғар қаласындағы мектептер, колледждер және балабақшалар маңында орналасқан жаяу жүргіншілер өткелдері толықтай пластик материалмен жаңартылды.

Сонымен қатар, ауылдардағы 33 мектептердің алдындағы жаяу жүргіншілер өткелдерін пластик материалмен таңбалау жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, Талғар қаласындағы бағдаршаммен реттелетін жол қиылыстарында тоқтау сызықтары сызылды.

Жолаушы тасымалы

Аудан бойынша 11 ауданаралық автокөлік маршруттарында 46 автобус(9-резерв) жұмыс жасайды. Тасымалдау қызметін «Тұлпар экспресс-А» ЖШС жүзеге асырады.

Электрондық билет «Алем Пэй» жүйесі жұмыс істейді.

Оқушылардың жолақысы 50% жеңілдікпен 60 теңгені құрайды.

Алтын алқа, Күміс алқа иегері және 1-топ мүмкінгіді шектеулі жандарға жол ақысы тегін.

2026 жылы 8 автобус жаңартылды.

2026 жылға автобус маршруттарын субсидиялауға 801,0 млн.тенге қаражат бөлініп, игерілген. Ү.ж. 6 айында 2 425 624 адам тасымалданған.

Қосымшақажеттілік – 500,0 млн.теңге.

Әлеуметтіксала

Білім саласы

Ауданда 60 білім беру нысандары (о.і 49 мемлекеттік, 11 жекеменшік мектеп),5 мектептен тыс қосымша білім беру мекемесі, 1 облыстық мектеп-интернат жұмыс жасайды. 58 230 оқушы білім алуда.

2025-2026 оқу жылының қорытындысы бойынша білім сапасы- 69,4 %. Өткен оқу жылымен салыстырғанда білім сапасы 2,2%-ға өсті (2025 жыл 67,2 %).

2025 - 2026 оқу жылында 11 сыныпты2684 оқушы мектеп бітіріп, оның ішінде 220 түлек «Алтын белгі», 222 түлек «Үздік аттестат» иегері болды.

Аудандаүш ауысымменоқитын 1мектеп бар (№42 ОМ Кендалаа.).

Бүгінгі күнде жобалық қуаттылығы 300 орындық мектепте 1407 оқушы үш ауысымда оқытылуда. Кеңдала ауылынан 900 орындық мектеп салу қажеттілігі бар.

Оқушылардытасымалдау

Мектебі жоқ 17 елді мекен, 12 саяжай кооперативі, 29 ықшам аудан, жаңа құрылыстардан 5 921 оқушы тасымалданып оқытылуда. Оқушылар тасымалдауын ұйымдастыруға 44 автобус берілген. Мектеп теңгерімінде – 13, автопарк теңгерімінде -10, жеке кәсіпкерлер теңгерімінде – 21 автобус.

Ыстық тамақпен қамтамасыз ету

39 асхана, 10 буфет жұмыс істейді. 29 952 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды.

Жалпыға міндетті білім беру қорынан1- 4 сыныптардан 23 977 оқушы, 5-11 сыныптардағы әлеуметтік осал топтардағы 5 975оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған.

Жазғы демалыс

250 оқушы жазғысауықтыру шараларына тартылып, 9 398 оқушығақаржылай көмек көрсетілді.

Инклюзивті білім беру

49 мектепте (100,0 %) инклюзивті білім беруге жағдай жасалған. Инклюзивті білім берумен 698 бала қамтылған,49 мектепте 349 оқушы үйденоқытылады.

Кәмелетттік жасқа толмағандармен жұмыс

Полиция басқармасының есебінде тәуекел аймағындағы 4 кәмелетке толмаған бала, құқық бұзуға бейім 173 оқушы мектепішілік есепке алынған. Олармен жоспарлы түрде жұмыстар жүргізілуде.

Педагогтар туралы

Жалпы білім беретін мектептерде 5 052 педагог жұмыс істейді. 1 349 педагог аттестатталды (оның ішінде педагог-шебер – 18, педагог-зерттеуші – 55,педагог-сарапшы – 173,педагог-модератор – 4 806).

Орыс тілінде білім беретін химия, физика, математика, биология пәндерінен 7 педагог жетіспейді. Жетіспейтін пән мұғалімдерімен қамтамасыз ету үшін педагогтарды қайта даярлаукурстарынан өткізу жұмыстары жүргізілді.

Күрделі жөндеу

Қазіргі таңда Белбұлақ ауылындағы №10,Талғар қаласындағы №2, Нұра ауылындағы №12 орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, мектеп ғимараттары пайдалануға берілді.

Нұра ауылындағы №12 орта мектептің сыртқы абаттанадыру жұмыстары жүргізілуде.

№ 17, 19, 31 33, 36, 42 орта мектептері мен № 3,7 балабақшаларға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Бала- бақша

Ауданда барлығы 187 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді 6 (1140 бала) мемлекеттік балабақша, 182 (15 840 бала) жекеменшік балабақша.

Мектепке дейінгі 2-6 жас балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші – 96,7 %, 3-6 жас аралығындағы мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші -99,3 %.

Денсаулық сақтау саласы

Аудан тұрғындарына 1 - аудандықорталық аурухана, 7- алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы, 13 - дәрігерлік амбулатория, 7 - фельдшерлік-акушерлік пункті, 7 -медициналық пункті және жеке меншік нысанындағы денсаулық сақтау ұйымдары қызмет көрсетеді.

Дәрігерлермен қамтамасыз етілу көрсеткіші - 17,6% құрады (2025 жылдың 9 айында – 17,0%).

Орта медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етілу көрсеткіші - 46,0% (2025 жылдың 9 айында – 48,3% құрады).

Туу көрсеткіші 1,9 промиллеге төмендеп, 2 324 жағдайды – 10,6 промиллені құрады (2025 жылдың 9 айында 2 668 жағдай – 12,5 промилле).

Жалпы өлім-жітім көрсеткіші 2025 жылдың 9 айында 645 жағдай – 3,0 промилле болса, 2026 жылдың 9 айында 0,2 промиллеге өсіп, 692 жағдай – 3,2 промиллені құрады.

Нәрестелер өлім-жітімі көрсеткіші 8 жағдайға төмендеді: 2025 жылдың 9 айындағы 18 жағдайдан – 6,7 промилледен 2026 жылдың 9 айында 10 жағдайға – 4,3 промиллеге дейін төмендеді.

Ана өлімі жағдайлары тіркелген жоқ.

Жөндеу жұмыстары

Инфрақұрылымдарды жөндеу, абаттандыру және жаңғырту бойынша келесі жұмыстар жүргізілді:

- негізгі емдеу және әкімшілік бөлімшелерінде(травматология, хирургия, терапия, физиотерапия, гинекология, босандыру бөлімі, КДО және басқа да бөлімшелерде) ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді;

- терапия бөлімінде 12 палата, сондай-ақ кабинеттер мен жалпы пайдаланылатын үй-жайлар жөнделді;

- мамандандырылған резеңке жабынды орнату арқылы емдік дене шынықтыру (ЕДШ) кабинетіне жөндеу жүргізілді;

- операциялық бөлімшенің, ОДС-1 және ОДС-2 баспалдақ алаңдарының жөндеуі аяқталды;

- жылыту маусымына дайындық жүргізіліп, дайындық паспорты алынды;

- Өстемир ДА ғимаратының қасбетін ауыстыру жұмыстары жүргізілді;

- жүк көтергіштігі 1 350 кг жаңа лифт сатып алынып, пайдалануға берілді;

- Арқабай, Жалқамыс, Еркін, Төңкеріс, Кіші Байсерке елді мекендеріндегі 5 нысанды газдандыру жұмыстары жалғасуда, аяқтау мерзімі – осы жылдың қазан айыныңекінші жартысы.

Халықты еңбекпен қамту

Жаңа жұмыс орындарын құру

«Аумақтық жұмыс орындарын құру картасына» сәйкес2026жылы -5 441 жұмыс орнын құру көзделген. Оның ішінде тұрақты – 3 838,уақытша – 1 603. Ағымдағы жылдың 9 айында – 6 730 жұмыс орныашылды немесе 123,7%, оның ішінде – 4 699тұрақты, 2 031 – уақытша. Жұмыссыздық деңгейі- 4,5%.

Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының орындалуы

Қазақстан Республикасыныңеңбекнарығын дамытудың2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясындажұмыспен қамтудыңбелсендішараларына – 1 513 адамды тарту жоспарланған, нақтыорындалуы- 2 031адам.

Ағымдағы жылы сәуір айынан бастап 71 адамды қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жіберу жоспарланып, кәсіптік оқытуға 71 азамат жолданды немесе 100%.

«Тігінші» мамандығы бойынша «Аятказиева Гүлзада» ЖК-не 11, «MS-BS» ЖШС-не 20, «KAZSAFETYGARMENTS» ЖШС-не 10, «Каусар» ЖК-не 10 адам жіберілді. «Malina-Desserts» ЖК-не «кондитер» мамандығы бойынша 10 адам жолданды. Сонымен қатар «Талғар аудандық политехникалық колледжіне» «электромантер» мамандығымен 1 адам, «аспазшы» мамандығымен 9 адам жолданды.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруғаағымдағыжылы -120 адамғагрант беру жоспарланды. Ағымдағы жылдың шілде айында 400 АЕК мөлшеріндегі қайтарымсыз гранттың комиссия отырысы өткізіліп, 87 азамат қатысып, 33 қатысушы грант иегері атанды.

Busness.enbek.kzпорталында «Бастау бизнес» жобасы арқылы - 306 адам оқып сертификаттарыналды, жылдық жоспар - 600.

Жастар тәжірбиесін ұйымдастыру бойынша жылдық жоспар – 165 жасмаманға қолдау көрсету болса, нақты орындалғаны 165 адам, немесе 100,0 %.

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру бойынша жылдық жоспар - 99 адам,нақты орындалғаны- 152 адам немесе 153,0 %.

Қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыру бойынша жылдық жоспар- 1 148 адам,нақты орындалғаны – 1 739 адам немесе151,4 %.

Зейнеткерлік жасқа жақындаған азаматтарға арналған «Күміс жас» жобасын ұйымдастыру бойынша жылдықжоспар- 101адам, нақты орындалғаны – 148адам немесе 146,5%.

Мүгедектігі бар адамдарға арналған жұмыс орындары бойынша10 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, квота бойынша 10азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар бойынша 20 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып, 20азамат жұмысқа орналасу мәселелері бойынша жүгінді, оның ішінде квота бойынша 16 азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар бойынша5 адамды жұмыспен қамту жоспарланып,5 адам жұмысқа орналасу мәселелері бойынша жүгініп, квотаға сәйкес 5 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Тікелей кәсіпорындар, оқу орындары мен ауылдық кенттік округі әкімшіліктерінде - 5 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкесі және 3 рет ашық есік күндері өткізілді. Барлығы 1 362 жұмыс ізденушілер және 35 жұмыс берушілер қатысты.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – 335 отбасына, 1 807 алушыға 210,7млн.теңгетөленген.

Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға берілетін кепілдік әлеуметтік пакеттерге 21,1 млн. тенге төленді.

2026 жылдың 9 айында 4319 азаматқа 221,7 млн теңгеге мемлекеттік әлеуметтік төлемдердің және әлеуметтік қызметтердің әртүрлі түрлері көрсетілді:

- әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алуға берілетін әлеуметтік көмек — 3230 алушы;

- азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер — 939 алушы;

- мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу — 150 алушы.

Мүгедектігі бар адамдарды арнаулы әлеуметтік қызметтермен және оңалту құралдарымен қамтамасыз етуге 1 308,5 млн теңге бағытталды.

Спорт пен дене шынықтыру

Ауданда247спорттық нысанхалыққа қызмет көрсетуде.Оныңішінде,3 стадион, 2 спорттық сауықтыру кешен, 9 жүзу бассейн, 64 спортзал, 60 спорт лаңдары, 57 футбол алаңы, 12 соңғы үлгіде жасалынған шағын-футбол алаңдары, 6 теннис корты, 4 тау шаңғы трассалары, 1 жабықхоккей алаңы, 5 спорт мектебі және т.б. 24 спорттық объектілері.

Талғар ауданы халқының 35,5%астамыспортпен айналысуда.

Мәдениет және тілдерді дамыту

Аудан тұрғындарына 18 мәдениет ошақтары қызмет көрсетеді: аудандық мәдениет үйі, саңыраулар клубы, Тұздыбастау, Нұра, Қызыл-Қайрат, Бесағаш ауылдық мәдениет үйлері, аудандық кітапхана,балалар кітапханасы, Нұра, Панфилов, Қызыл –Қайрат, Белбұлақ, Кеңдала, Гүлдала, Төңкеріс, Тұздыбастау ауылдық кітапханалары, Жаңалықта саяси-қуғын сүргін құрбандарына арналған музей, архиваудан тұрғындарына мәдени-көпшілік қызмет көрсетеді.

644 мәдениіс - шараұйымдастырылды.

Жоспарға сай тілдік жағдайды зерделеу мақсатында ауданға қарасты мемлекеттік мекемелердің және қала, ауылдық округ әкімшіліктердің кіріс-шығыс құжаттарына тоқсан сайын мониторинг жасалып отырады. Аудандағы мемлекеттік тілдің қолдану көрсеткіші 92,7 пайыз.

Құқық бұзушылық

Қылмыстық құқық бұзушылықтың жалпы тіркелуі – 27,8 %(1204-тен 869-ға дейін) төмендеді.

Ауыр және аса ауырқылмыстар – 10,9 %(405-тен 361-ге дейін), адам өлтіру 14,3 %(7-ден 6-ға дейін), ұрлық37,2 %(304-тен 191-ге дейін), мал ұрлығы– 41,7 %(12-ден 7-ге дейін), алаяқтық - 29,2 %(541-ден 383-ке дейін), бұзақылық48,6 %(37-ден 19-ға дейін) төмендеді.

Дегенмен, машинаұрлығы – 12,5 %(16-ден 18-ге дейін), нашақорлық – 68,8 %(16-ден 27-ге дейін) өскен.

Жалпы аудан бойынша қылмысты ашу көрсеткіші 57,2 %-ды құрап, 2025 жыл деңгейімен салыстырғанда 14,6 %-ға өскен.

Экономика және қаржы бөлімі

Жарияланған күні

23 қараша 2026 15:00

Жаңарту күні

23 қараша 2026