
Діни бірлестіктермен жұмыс Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2011 жылдың 11 қазандағы Заңына сәйкес жүргізілуде. Аудан әкімі жанындағы кеңесші орган ретінде діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес Талғар ауданы әкімдігінің 2022 жылдың 09 ақпандағы №02-42 «Талғар ауданы әкімдігінің жанынан діни бірлестіктермен байланыс жөніндені Кеңес құру» туралы Қаулысына сәйкес құрылған, Кеңес туралы Ереже және Кеңестің мүшелер құрамы бекітілген. Кеңестің төрағасы аудан әкімі, құрамына дін өкілдері, ҰҚК мен ІІБ қызметкерлері, қоғамдық ұйымдар өкілдері енгізілген.
Кеңестің мәжілісі Ережеге сәйкес тоқсанына 1 рет өткізіліп тұрады. Кеңестің шешімдері ұсыныс сипатында болады. Қажетті жағдайда кеңес отырысы жоспардан тыс да өтеді. Діни бірлестіктердің басым көпшілігі аудан аумағында қайрымдылық қызметпен айналысады. Талғар біріккен қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің ақпараты бойынша діни себептермен әскери қызметтен бас тарту фактілері орын алмаған. Аудан аумағында діни сипаттағы баспа басылымдары жоқ, діни әдебиеттер шығарылмайды.
Бүгінгі күнге аудан бойынша 48 діни бірлестік жұмыс атқаруда, оның ішінде – 27 мешіт, 6 православ, 12 протестант және 3 католик шіркеуі бар.
Аудандық БАҚ-да ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған материалдардың жариялануын қамтамасыз етіп, экстремизмді насихаттауға және қолдау көрсетуге жол бермеу үшін жұмыстар жүргізілуде.
Әлеуметтік желілерде Алматы облсының Дін істер басқармасы, ММ «Дін саласындағы проблемаларды зерттеу орталығы» ҚММ ұсынған материалдары, тұрғындарды мазалаған сұрақтар бойынша СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ 8-800-080-28-95», терроризм қауіпі туралы «Горячая линия 114» және т.б. жарық көрген. Әлеуметтік желілерде («Вконтакте», «Instagram», «Facebook») терроризм қауіпін алдын-алуға бағытталған Ереже және ол үшін сыйақы беру туралы ақпараттар жарияланып тұрады. Бүгінгі күнге аудан бойынша әлеуметтік желіде радикалды көзқарастағы қолданушылар немесе экстремистік сайттар анықталмаған.
Аудан көлемінде діни сеніміне байланысты азаматтық борышын өтеуден бас тарту фактілері, конфессиаралық қақтығыстар мен түсініспеушіліктер, діни бірлестіктер тарапынан қоғамға жат әдебиеттер, діни пиғылдағы кітәпшалар тарату, экстремизм мен терроризм, этикалық, әлеуметтік және діни көзқарастары негізінде болатын қарама-қайшылықтар фактілері орын алған жоқ.
Аудандағы діни ахуал аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің тұрақты бақылауында.