Жаңа экологиялық Кодекстің (бұдан әрі – Кодекс) енгізілуіне байланысты 2021 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік экологиялық реттеу бөлігінде де өзгеріс болды.
Экологиялық қатынастарды мемлекеттік реттеу мемлекеттің осы Кодексте реттелетін қатынастар субъектілерінің орындауы үшін міндетті экологиялық талаптарды белгілеуі және осы Кодекске сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу құралдарын қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Экологиялық талаптар деп Кодексте белгіленген, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған ережелер, талаптар, шектеулер мен тыйым салулар түсініледі.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу құралдары деп экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар, іс-қимылдар мен рәсімдер жиынтығы түсініледі.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу құралдары:
1) Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті лицензиялау;
2) Экологиялық нормалау;
3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық реттеу болып табылады;
4) экологиялық бағалау;
5) мемлекеттік экологиялық сараптама;
6) экологиялық рұқсаттар және қоршаған ортаға әсер ету туралы декларациялар;
7) қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингі;
8) мемлекеттік экологиялық бақылау;
9) қалдықтарды жинау, сұрыптау және (немесе) тасымалдау жөніндегі қызметтің хабарлама жасау тәртібі;
10) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы мемлекеттік реттеу құралдары жатады.
Кодекстің 12-бабының 6-тармағына сәйкес, объектінің операторы ретінде меншігінде немесе өзге де заңды пайдалануында қоршаған ортаға қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объект бар жеке немесе заңды тұлға түсініледі.
Кодекстің 418-бабының 3-тармағына сәйкес 2021 жылғы 1 шілдеге дейін пайдалануға берілген объектілердің немесе 2021 жылғы 1 шілдеге дейін өздеріне қатысты мемлекеттік экологиялық сараптаманың немесе кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындылары берілген, 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес арнайы табиғат пайдалану субъектілері болып танылған, пайдалануға берілмеген объектілердің операторлары тиісті объектілерді осы Кодекстің ережелеріне сәйкес І, ІІ, III және IV санаттарға жатқызу мақсатында 2021 жылғы 1 тамыздан кешіктірмей қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға өтініш беруге міндетті.
Объектілерді санаттарға жатқызу мақсатында бірыңғай экологиялық Портал әзірленді - http:// company.ecogov.kz.
2021 жылғы 1 шілдеден бастап І немесе II санаттағы объектілерге жатқызылған объектілерде қызметін жүзеге асыратын операторлар 2021 жылғы 1 шілдеге дейін алған қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар, эмиссиялар нормативтері осындай рұқсаттар мен құжаттардың қолданылу мерзімі өткенге дейін не осы Кодекске сәйкес экологиялық рұқсат алынған күнге дейін қолданылады.
2021 жылғы 1 шілдеге дейін пайдалануға берілген және осы баптың 3-тармағына сәйкес осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап III санаттағы объектілерге жатқызылған объектілердің операторлары 2021 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей осы Кодекске сәйкес қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны ұсынуға міндетті.
Осы баптың 3-тармағына сәйкес:
IІІ санаттағы объектілерге жатқызылған объектілердің операторлары алған қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттардың, эмиссиялар нормативтерінің қолданысы – осы Кодекске сәйкес қоршаған ортаға әсер ету туралы декларация берілген күннен бастап тоқтатылады;
IV санаттағы объектілерге жатқызылған объектілердің операторлары алған қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттардың, эмиссиялар нормативтерінің қолданысы – 2021 жылғы 1 шілдеге бастап тоқтатылады.
Сонымен қатар, III және IV санаттағы объектілер расталғаннан кейін осы объектілер экологиялық міндеттерден, яғни өндірістік экологиялық бақылау бойынша және табиғат қорғау іс-шараларының жоспарлары бойынша есептіліктен босатылатынын атап өтеміз.
Сондай-ақ, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық Кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы "Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 402-VI ҚРЗ экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң қолданысқа енгізіледі.
Салық кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес айқындалған I, II және III санаттағы объектілердің операторлары төлемақы төлеушілер болып табылады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес мынадай мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:
1) II санаттағы объектілерге әсер етуге экологиялық рұқсат беру (Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің м. а. 2021 жылғы 9 тамыздағы № 319 Бұйрығы);
2) Жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындыларын беру (Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 9 тамыздағы № 317 бұйрығы).
Мемлекеттік қызметтердің бұл түрлері "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық форматта көрсетіледі. www.elicence.kz".
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жобаларды экологиялық сараптау бөліміне 8(7282) 32-92-67 телефоны арқылы хабарласа аласыз.