ХАБАРЛАНДЫРУ
«Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Алматы облысы, Қонаев қаласы аумағында жабық тамыр жүйесі бар көшеттерді өсіруге арналған орман питомнигін салу бойынша жобаны іске асыруды жоспарлап отырғанын хабарлайды.
Тұқымбақтың шамамен ауданы – 9,0 гектар (үлгілік жоба қоса беріледі).
Құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі – 2027 жылдың желтоқсан айы.
Қазіргі уақытта басқарма аталған жобаны жүзеге асыру үшін мердігерлік ұйымды (потенциалды жеткізушіні) тарту мүмкіндігін қарастыруда.
Алдағы уақытта жеткізушіні таңдау конкурстық рәсімдер арқылы жүзеге асырылады және ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 604 қаулысымен бекітілген
«Қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған өңдеу саласындағы жобаларды әрі қарай қаржыландыру үшін, дауыс беруші акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тиесілі өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы арқылы қаржыландыру қағидаларының» 11-тармағына сәйкес жүргізілетін болады.
Қызығушылық танытқан ұйымдарды өз ұсыныстарын, таныстырылымдық материалдарын және шамаланған сметалық есептерін 2025 жылғы 25 қазанға дейін басқарма мекенжайына жолдауға шақырамыз.
Ұсыныстарды жолдау мекенжайы:
Алматы облысы, Қонаев қаласы, Құрылысшы көшесі, 12 үй
Байланыс телефоны: +7 (72772) 2-32-27
Электрондық пошта: lesotdel_almobl@mail.ru