Шелек орман шаруашылық мемлекеттік мекемесі
Шелек орман шаруашылық мемлекеттік мекемесі 1948 жылы құрылған, мекеме кеңсесі Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылы Малай—Батыр көшесі 3-ші үйде Шелек- Нарынқол автокөлік жолында орналасқан.
Алматы облысы Әкімінің 03 ақпан 2003 жылғы №25 қаулысы негізінде Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бұйрығына сәйкес Шелек орман шаруашылық мемлекеттік мекемесі болып ұйымдастырылды.Мекеменің негізгі міндеті мемлекеттік орман қоры аумағында орманды өрттен, заңсыз кесуден сақтау, орман қорын көбейтіп, жануарлар дүниесін қасақалықтан қорғап, оның еркінше өсуіне мүмкіншілік жасау болып табылады.
Шелек орман шаруашылығы аумағында табиғат жағдайына байланысты таулы-тоғайлы зоналарында орналасқандықтан жануарлар және аң – құстардың көптеген түрлері мекендейді, оның ішінде: марал, таутеке,жайран, сілеусін, қасқыр, қабан,борсық, суыр тағыда көптеген түрлері, және Қазақстан Республикасы Қызыл кітабына енген құстардан ителгі, лашын, бірқазан, аққу, тағыда басқалары мекендейді.
Мекеменің жалпы жер көлемі 117 437 гектар, оның ішінде 49 024 гектар орманды алқап.Таулы аумақтарда орман ағаштарынан Тянь-Шань шыршасы, қайың,терек,тал, тоғайлы –жазық аумақтарда орман ағаштарынан тораңғы,жиде, тал, сексеуіл өседі.
Мекемеде 5 гектар уақытша тұқым бағы бар, осы тұқым бақта 18 түрлі ағаш көшеттері өсіріліп –күтіп бапталуда – олар: сібір қарағайы, қырым қарағайы, тянь-шань шыршасы, көгілдір шырша,катальпа, тал, туя, биота, Қазақстан терегі, акация, өрік, ирен ағашы,емен ағашы,бирючина,каштан.
Мекеме 4 орманшылықтан тұрады, орманшылықтар 47 айналымға бөлінген.
Мекеменің жалпы жұмыскерлер саны 112 адам.