«Қарадала орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Қарадала орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы облысының Ұйғыр ауданында орналасқан. Оның жалпы жер көлемі-258,812 мың гектар, таза орманды алқабы –117,269 мың гектарды құрайды.Солтүстіктен оңтүстікке қарай-88 км, шығыстан батысқа қарай-125 км. Мекеме шекарасы солтүстікте Іле өзені жағалаумен Панфилов ауданымен, оңтүстікте Райымбек ауданымен, батыста Шарын мемлекеттік Ұлттық табиғи паркімен Еңбекшіқазақ ауданымен және Шелек орман шаруашылығымен, шығыста Мемлекеттік шекарамен Қытай Халық Республикасымен шектеседі.
Бұл мекеме бұрынғы Кетпен және Іле орман шаруашылықтарының қосылуымен құрылған.
1.Кетпен орман шаруашылығы 1947 жылы 31 қантарда № 23 ССРО орман шаруашылығы Министрлігінің бұйрығы бойынша құрылған. Бұдан бұрын Кетпен орман шаруашылығы Жол қатынастар Министрлігінің құзырында болған. Бұл шаруашылық үш орманшылыққа бөлінген: Кетпен, Дардамты, Октябрь. Орталығы Кетпен ауылында орналасқан.
2.Іле орман шаруашылығы 1947 жылы құрылған, бұрын бұл шаруашылық Заилийский орман шаруашылығына қарасты болған, бұл шаруашылық үш орманшылыққа бөлінген: Шарын, Подгорный, Ақсу, орталығы Сартоғай ауылында орналасқан.