Кеген орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Кеген орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі 1946 жылы Қазақ ССР орман шаруашылығы министрлігі мен өнеркәсіптік орман министрлігінің 10 наурыз №386-46 бұйрығымен Таушелек орман шаруашылығы құрылған. 1954-1956 жылдары Қазақ ССР орман шаруашылығы министрлігінің № 96 бұйрығымен Қарқара Темірлік орман саяжайлары қабылданған.
1959 жылдары 12 наурызда Қазақ ССР ауыл шаруашылығы министрлігінің №153 құрамында Подгорно-Мурап, Қырғызсай, Қулықтау және Қарқара орман саяжайлары бар Кеген орман шаруашылығы құрылды.
1988 жылдары 18 тамыздағы Қазақ ССР орман шаруашылығы министрлігінің №118 бұйрығымен Алматы облыстық орман шаруашылығы бірлестігінің №82 бұйрығына сәйкес Таушелек орман шаруашылығының таратылуына, Кеген орман шаруашылығының қайта құрылуына байланысты Кеген орман шаруашылығы өндірістік кәсіпорны құрылды.
1996 жылдың 3 маусымындағы орман шаруашылығы комитетінің №54 бұйрығына сәйкес және Алматы облыстық орман шаруашылығы бірлестігінң №85 бұйрығына сәйкес Кеген орман-аңшылық шаруашылығы болып өзгертілді. 2004 жылы 26 желтоқсанда Алматы облысының әкімдігі №187 қаулысы бойынша Кеген орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді. Алматы облысының әкімдігінің 19.11.2015 жылғы №518 қаулысы бойынша Кеген орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.
Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылдың 20 желтоқсанындағы №601 қаулысының №8 қосымшасына сәйкес «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің « Кеген орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.
Мекеменің негізгі функциясы табиғатты, оның ішінде орманды алқаптарды, аң құстарды қорғау, орманды алқаптарды көбейту, ұтымды әрі үнемді пайдалануға басшылық жасау және өзіне бекітіліп берілген аймақтардағы орман қорындағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне рұқсат беру.
Тянь- Шань тауларындағы негізгі орманды алқаптарындағы ағаштар Шренк шыршасынан тұрады. Мекеменің аумағындағы өсіп тұрған орманды алқаптың 76 пайызы Шренк шыршасын құрайды.
Кеген орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі осынау аялы табиғатының 84582 гектар оның орманды алқабы 26 965 гектар жерін қорғаумен қатар, орман ресурстарын өсіру, орманның қорғаныш желектерін жасау, сондай-ақ орман тұқымбағының дамуын жүзеге асырып келеді.