"Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты реттеу басқармасы" ММ "Бақанас орман шаруашылығы "КММ

Бақанас орман шаруашылығы өндірістік мекемесі 12 наурыз 1959 жылы   № 153 санды Қазақ ССР Ауыл шаруашылық Министірлігінің бұйрығына сәйкес 5 мамыр 1959 жылы № 249 санды Алматы облыстық орман шаруашылығы басқармасының бұйрығымен құрылған.Функционалды міндеттері: орманды қорғау, күзету, молықтыру және орман өсіруді ұйымдастыру, жануарлар дүниесін қорғау болып табылады. 2015 жылдан бастап Бақанас орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып атауы ауыстырылды. Мемлекеттік орман қор жері – 1 218 749 га құрайды. Мекеме негізінен 4 орманшылыққа бөлінген Қарой, Көктал, Ақкөл, Бақанас.