Жиі қойылатын сұрақтар

Спорттық іс-шараларды өткізу Ережесіне сәйкес дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган дене шынықтыру және спорт саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асырады, сондай-ақ облыстық, қалалық және аудандық спорттық жарыстарды (бұдан әрі-жарыстар) ұйымдастыруды жүргізеді. Жергілікті атқарушы орган Ережеге сәйкес барлық қажетті қауіпсіздік шараларын ескере отырып, жарыс жоспарын әзірлейді. Алғашқы медициналық көмек бригадасын, өртке қарсы қызметті және қоғамдық тәртіп қызметтерін ұсынады.

НҚА-ға сілтеме:Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 74 бұйрығы «Спорттық іс-шараларды өткізу қағидаларын бекіту туралы»