Жер қатынастары

Жер қатынастары

Алматы облысы жер қоры 10,5 млн. га құрайды.

          Ауыл шаруашылығына арналған жер көлемі 4,3 млн. га құрайды, оның ішінде егістік – 459,8 мың га, одан суармалы – 239,5 мың га, көпжылдық өсімдіктер – 18,7 мың га, тыңайған жер – 54,7 мың га, шабындық – 63,1 мың га, жайылымдық – 3,6 млн. га.

          Облыстағы шаруашылық субъектілер саны 41 343 құрайды (оның ішінде шаруа қожалықтары – 40005, АҚ, ЖШС – 1121, өндірістік кооперативтер – 109, ҒЗ, оқу мемемелері мен мекемелер – 27, қосалқы шаруашылықтар – 17, басқа кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер – 64).

          Елді мекен жері – 0,3 млн. га.

          Өнеркәсіп жері – 0,1 млн. га.

          Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жері – 1,0 млн. га.

          Орман қорының жері – 2,2 млн. га.

          Су қорының жері – 0,2 млн. га.

          Жер қоры – 2,4 млн. га.

Жаңалықтар

Барлық жаңалық

Оқиғалар күнтізбесі

Барлық оқиға

    Жиі қойылатын сұрақтар

    Барлығын көру

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1–бабының 8-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі м.а 2015 жылғы 27 наурыздағы № 255 бұйрығымен бекітілген «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру қағидаларының» 28-тармағына сәйкес, комиссияның қорытындысы шыққаннан кейін Қазақстан Республикасы азаматтарының және оралмандардың өтініштері арнайы есепке қойылады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар болған жағдайда кезегіне қарай қанағаттандырылады.

    Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері инфрақұрылыммен қамтылған арнайы дайындалған алаңдардан беріледі.

    Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін берілетін алаңдар елдi мекеннiң егжей-тегжейлi жоспарлау жобасына немесе бас жоспарына сәйкес бөлінеді.