Алматы облысының отбасын қолдау орталықтары

Көру саны:32
Алматы облысының отбасын қолдау орталықтары: әр отбасына көмек және қолдау
Алматы облысында өмірлік қиындықтарға тап болған азаматтарға әлеуметтік, құқықтық және психологиялық көмек көрсететін отбасын қолдау орталықтары жұмыс істейді. Орталықтардың қызметі әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, отбасыларды қолдауға және отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған.
Отбасын қолдау орталықтарының жұмысы Қазақстан Республикасының заңнамасына, оның ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 256-НҚ бұйрығымен бекітілген отбасын қолдау орталықтарының қызметін жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Қандай көмек алуға болады:
Консультациялық көмек-әлеуметтік, құқықтық және психологиялық қолдау алуға жәрдемдесу.
Отбасыларды кешенді сүйемелдеу - өмірлік жағдайды бағалау, қажеттіліктерді анықтау және қажетті қызметтерді үйлестіру.
Отбасылық құндылықтарды нығайту-отбасын сақтау, отбасылық жанжалдардың алдын алу және оларды бейбіт жолмен шешуге жәрдемдесу бойынша іс-шаралар өткізу.
Тұрмыстық зорлық — зомбылықтың алдын алу-азаматтарды құқықтарды қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәсілдері туралы хабардар ету, зардап шеккендерге қажетті көмек алуға жәрдемдесу.
Мобильді топтардың жұмысы-өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды анықтау және олардың тұрғылықты жері бойынша көмек ұйымдастыру.
Ақпараттық-түсіндіру жұмысы-халықты мемлекеттік отбасылық саясат шаралары, қолжетімді әлеуметтік қызметтер және қолдау алу мүмкіндіктері туралы хабардар ету.
Ведомствоаралық өзара іс — қимыл-өз құзыреті шегінде әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және білім беру салаларының мемлекеттік органдарымен және ұйымдарымен, сондай-ақ ішкі істер органдарымен ынтымақтастық.
Уақытша қауіпсіз тұру-белгіленген талаптарға және қолда бар мүмкіндіктерге сәйкес тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамдарға бір айға дейінгі мерзімге уақытша тұруға жәрдемдесу.
Қоғамдық ұйымдармен және еріктілермен ынтымақтастық-отбасыларды қолдау және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл.
Мониторинг және талдау-қолдау шараларын жетілдіру үшін халықтың қажеттіліктері мен отбасылық саясат саласындағы үрдістерді зерделеу.
Өмірлік қиындықтарға тап болған немесе маманның кеңесіне мұқтаж кез келген азамат немесе отбасы ОЖО-ға жүгіне алады.
Өтініш ерікті негізде жүзеге асырылады. Мамандар азаматтың немесе отбасының қажеттіліктерін анықтайды және қажетті көмекті ұйымдастыруға көмектеседі.
Орталықтардың қызметі қол жетімділік, жеке көзқарас, ведомствоаралық өзара іс-қимыл және туындайтын проблемаларға уақтылы ден қою қағидаттарына негізделеді.
Алматы облысының отбасын қолдау орталықтарының байланыс деректері
Төменде Алматы облысының аудандары мен қалаларында орналасқан отбасын қолдау орталықтарының мекенжайлары мен байланыс деректері берілген.
1. Еңбекшіқазақ ауданы
Мекен-жайы: Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, М.Мәметова көшесі, 17А.
Жетекшісі: Құдайбердиев Нүсіп Қасымжанұлы.
Телефондар: 8 (72775) 72129, 8 777 566 00 55.
Электрондық пошта: januya2023@inbox.ru.
2. Балқаш ауданы
Мекен-жайы: Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Қонаев көшесі, 66.
Жетекшісі: Диханбаев Нұрсұлтан Ғалымбекұлы.
Телефондар: 8 (72773) 95082, 8 707 851 71 00.
Электрондық пошта: balhash_cps@mail.ru.
Қосымша байланыс: otbasynqoldau_alm_balhash.
3. Іле ауданы
Мекен-жайы: Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, Рахымбаев көшесі, 22В.
Жетекшісі: Нұрсейітова Коркем Бахытқызы.
Телефон: 8 701 132 11 88.
Электрондық пошта: zhanuya2023ile@mail.ru.
4. Жамбыл ауданы
Мекен-жайы: Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, Бәйдібек би көшесі, 124.
Жетекшісі: Бульдешова Панар Құдайбергенқызы.
Телефон: 8 705 653 55 27.
Электрондық пошта: otbasynqoldaualmzhambyl@gmail.com.
5. Қарасай ауданы
Мекен-жайы: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Төле би көшесі, 50/1.
Жетекшісі: Константинова Елена Владимировна.
Телефон: 8 701 938 02 59.
Электрондық пошта: karasay.cps@gmail.com.
6. Талғар ауданы
Мекен-жайы: Алматы облысы, Талғар ауданы, Талғар қаласы, Қонаев көшесі, 111.
Жетекшісі: Дүйсенғалиева Ардақ Мұратқызы.
Телефон: 8 701 235 62 91.
Электрондық пошта: talgar_januya@mail.ru.
7. Ұйғыр ауданы
Мекен-жайы: Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, А.Қадыров көшесі, 60.
Жетекшісі: Шабдинова Гаухар Мариповна.
Телефон: 8 700 092 60 26.
Электрондық пошта: otbasynqoldau_uygyraudany@mail.ru.
8. Кеген ауданы
Мекен-жайы: Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген ауылы, Б.Момышұлы көшесі, 19А ғимарат.
Жетекшісі: Мәсімбаев Біләл Әукенұлы.
Телефон: 8 701 748 13 10.
Электрондық пошта: Zhanya.kegen@mail.ru.
9. Райымбек ауданы
Мекен-жайы: Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылы, Абай көшесі, 100.
Жетекшісі: Аманбек Ел-Аман Түменбайұлы.
Телефондар: 8 (72779) 21004, 8 700 643 83 35.
Электрондық пошта: raimbek_sps@mail.ru.
10. Алатау Қаласы
Мекен-жайы: Алматы облысы, Алатау қаласы, Ломоносов көшесі, 19.
Жетекшісі: Кеңесбаева Лайла Ізбасарқызы.
Телефон: 8 707 140 50 24.
Электрондық пошта: alatau_otbasy2025@mail.ru.
11. Қонаев Қаласы
Мекен-жайы: Алматы облысы, Қонаев қаласы, № 1 шағынауданы, 41/1.
Жетекшісі: Исамбекова Ғалима Амантайқызы.
Телефон: 8 702 627 00 28.
Электрондық пошта: Zhanya.z@mail.ru.
Бірыңғай байланыс орталығы-111
Отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша азаматтар 111 байланыс орталығына жүгіне алады.
Отбасын қолдау орталықтары азаматтарға өмірлік қиындықтарды жеңуге, отбасы мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға, дағдарыстық жағдайлардың алдын алуға және отбасылардың әл-ауқатына жағдай жасауға көмектесуге арналған.