
ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ НАЗАРЫНА!!!
«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабы 5-тармағына сәйкес:
үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган (ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті) айқындайтын тәртіппен өз қызметі туралы, оның ішінде өзінің құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаның қалыптасу көздерi және жұмсалу бағыттары туралы мәліметтерді жыл сайын ҮЕҰ дерекқордың интернет-порталы http://infonpo.gov.kz арқылы 31 наурызға дейін ұсыну қажет. Мәліметтер ҮЕҰ-мен өз қызмету туралы мәліметтерді беру қағидаларына сәйкес міндетті түрде қазақ және орыс тілдерінде беріледі.
Басқа да сұрақтар бойынша үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің сайтынан (https://www.gov.kz/memleket/entities/akk/press/article/details/5994?lang=kk ) білуге болады.