Меню

Страницы

Статья

ҮЕҰ Дерекқоры бойынша сұрақ-жауаптар

 

ҮЕҰ дерекқоры бойынша СҰРАҚ-ЖАУАПТАР

 

  1. ҮЕҰ дерекқоры дегеніміз не?

         ҮЕҰ Дерекқоры - үкіметтік емес ұйымдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және жұртшылыққа олар туралы ақпарат беру мақсатында, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру шеңберінде пайдалану, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру үшін қалыптастырылатын ақпараттық дерекқор.

 

  1. Қай мемлекеттік орган ҮЕҰ дерекқорын қалыптастыру бойынша уәкілетті орган болып табылады?

         Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ҮЕҰ дерекқорын қалыптастыруға жауапты уәкілетті орган болып табылады. Тікелей жұмысты ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті жүргізеді.

 

  1. ҮЕҰ дерекқорына қандай ұйымдар мәліметтер ұсыну қажет?

«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабы 5-тармағына сәйкес жекеше мекеме, қоғамдық бірлестік, коммерциялық емес акционерлік қоғам, қоғамдық, корпоративтік және жекеше қорлар, заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бірлестігі нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдар, сондай-ақ шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын филиалдары мен өкiлдiктерi (оқшауланған бөлiмшелерi) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өз қызметі туралы, оның ішінде өзінің құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаның қалыптасу көздерi және жұмсалу бағыттары туралы мәліметтерді жыл сайын 31 наурызға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға ұсынады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талаптар құрылтайшысы немесе акционері мемлекет болып табылатын коммерциялық емес акционерлік қоғамдарға, еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғаларға, саяси партиялар, діни бірлестіктер және кәсіптік одақтар түрінде құрылған қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабында көзделген коммерциялық емес ұйымдарға қолданылмайды.

 

  1. ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді қашан ұсыну қажет?

ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді жыл сайын есептік мерзімнен кейін әр жылдың 31 наурызына дейін беру қажет.

 

  1. ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді қандай нысан бойынша ұсыну қажет?

Мәліметтер ҮЕҰ-мен өз қызмету туралы мәліметтерді беру қағидаларға (МСМ-нің 19.02.2016 ж. № 51 бұйрығы) қосымша берілген нысанға сәйкес міндетті түрде қазақ және орыс тілдерінде беріледі.

 

  1. ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді қалай ұсынуға болады?

Мәліметтер:

– қағаз және электрондық түрде (Word форматында CD-дисктерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда) пошта арқылы немесе қолма-қол;

немесе

- ҮЕҰ дерекқордың интернет-порталы (http://infonpo.gov.kz) арқылы 31 наурызға дейін ұсынылады.

 

  1. ҮЕҰ дерекқорына веб-портал арқылы, яғни электронды түрде мәліметтерді ұсыну тәртібі қандай?

Иә, бұл мүмкіндік сақталды. Мәліметтерді электронды түрде ұсыну үшін ҮЕҰ дерекқоры http://infonpo.gov.kz веб-порталы қызмет атқарады. Веб-порталды тіркелу/авторизациялау үшін заңды тұлғаға электронды-цифрлы қолтаңба (ЭЦҚ немесе сертификат) қажет. ЭЦҚ алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығының жақын бөлімшесіне өтінім бере аласыз.

ҮЕҰ дерекқоры http://infonpo.gov.kz интернет-порталына кірген кезде  ҮЕҰ пайдаланушы нұсқаулығымен таныса алады, онда алгоритм бойынша порталмен жұмыс істеу үшін әр қадамы көрсетілген.

 

  1. Мәліметтерді қағаз түрінде ұсынған жағдайда оларды қай мекен-жайға жолдау керек?

Уәкілетті органға үкіметтік емес ұйымдардың қызметтері туралы мәліметтерді пошта арқылы немесе қолма-қол ұсыну кезінде, мәліметтер ілеспе хатпен бірге мына мекенжайға жолданады: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 14-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті.

 

  1. Үкіметтік емес ұйыммен ағымдағы жылы мәліметтерді тапсыру, егер ол өткен жылы тапсырса міндетті ме?

         «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес өз қызметі туралы мәліметтер уәкілетті органға жыл сайын тапсырылады.

 

  1. Қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктері ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді ұсынуға міндетті ме?

Қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктері өзінің қызметтері туралы мәліметтерді өздері ұсынбайды. Қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктерінің қызметі туралы мәліметтерді «бас ұйым» ұсынады.

Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі туралы мәліметтерді ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген және Қазақстан аумағында өзінің құрылымдық бөлімшелері бар (филиалдар және өкіледіктер) үкіметтік емес ұйымдар филиалдар мен өкілдіктер туралы мәліметті ұсынуы тиіс.

Егер «бас ұйым» барлық филиалдар туралы ақпарат, оның ішінде филиалдар немесе өкілдіктер ағымдағы жылы іске асырған және асырылатын жобалар туралы мәліметтерді ұсынбаса, онда мәліметтер толық деп есептелмейді және ҮЕҰ дерекқорына енгізілмейді.

 

  1. ҮЕҰ-ның ҮЕҰ дерекқорында болуын қалай білуге болады?

ҮЕҰ дерекқорына мәліметті ұсынатын ҮЕҰ-ның тізбесі infonpo.kz сайтында орналасқан (https://infonpo.gov.kz/web/guest/otkrytyj-reestr). 2018 жылғы есептік жыл бойынша мәліметтерді ұсынған ҮЕҰ тізбесін қарау үшін, тізбенің үстіндегі «есеп кезеңі» фильтрінен 2019 жылды таңдау керек. Бұл тізбе мәліметтердің түсуіне қарай, жаңартылып отырады.

 

  1. Мәліметтерді ұсынбау немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну үшін қандай шаралар қарастырылған?

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 489-1 бабына сәйкес:

  1. Коммерциялық емес ұйымдардың, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдар филиалдары мен өкiлдiктерiнің (оқшауланған бөлiмшелерiнің) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға өз қызметі туралы, оның ішінде өзінің құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаның қалыптасу көздері және жұмсалу бағыттары туралы мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынуы, – ескерту жасауға алып келеді.
  2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік), – жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не үш ай мерзімге қызметін тоқтата тұруға алып келеді.

 

  1. ҮЕҰ-дар ҮЕҰ дерекқорында болған жағдайда қандай артықшылыққа ие болады?

ҮЕҰ дерекқорында болуы ұйымдарға ҮЕҰ-дың табысты жобаларымен танысуға, тәжрибе алмасуға, ынтымақтастық пен серіктестік орнатуға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, ҮЕҰ дерекқорына тіркелу мемлекеттік гранттар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында әлеуметтік бағдарламаларды және (немесе) әлеуметтік жобаларды іске асыруға, сондай-ақ ҮЕҰ үшін сыйақы таратуға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті болып табылады.

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына (ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығы) сәйкес әлеуетті өнім беруші, «Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында» мәліметтері жоқ әлеуетті өнім берушілер, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен қарастырылған, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберілмейді.

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабы, 3-тармағына сәйкес Гранттар тарату процесіндегі, дәрменсіз (банкрот) деп танылған, мүлкіне тыйым салынған және (немесе) экономикалық қызметі тоқтатыла тұрған үкіметтік емес ұйымдарды қоспағанда, Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына енгізілген үкіметтік емес ұйымдарға конкурстық іріктеу негізінде беріледі.

Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидаларының (ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2018 жылғы 25 мамырдағы № 52 бұйрығы) 5-тармағына сәйкес сыйлықақылар Үкіметтік емес ұйымдармен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларына сәйкес  тәртіппен Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына мәліметтер ұсынған үкіметтік емес ұйымдарға беріледі.

  1. ҮЕҰ дерекқорына қандай ұйымдар мәліметтерді ұсынбайды?

Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларының            7-1-тармағына сәйкес «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы                                25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 213-бабына сәйкес есепті кезең басталғанға дейін және есепті кезең ішінде өз қызметін қайта бастамаған, сондай-ақ тарату немесе қайта ұйымдастыру сатысында салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұрған үкіметтік емес ұйымдар үкіметтік емес ұйымдар дерекқорына өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсынбайды.

Дата публикации
28 февраля 2020
Дата обновления
28 февраля 2020
Тип

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
19 апреля 2024
Соттан тыс медиацияны одан әрі дамыту тұжырымдамасының жобасы әзірленді
Пайдалы ақпарат
17 апреля 2024
«Қоғамдық бақылау туралы» Заңның негізгі новеллаларын түсіндіру жұмыстары жалғасуда
Баспасөз релиздері
12 февраля 2024
Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қоғамдық кеңесі өз жұмысын жалғастыруда

Социальные медиа

Меню подвал

Өмірлік жағдайлар
Мемлекеттік органдардың жаңалықтар арнасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Парламентінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Тұрақты даму мақсаттары