Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығы

Биыл Сұлтан Бейбарыстың туғанына 800 жыл. Мәмлүктер мемлекетінің негізін қалаған батыр бабаның мерейтойы Қазақстан бойынша лайықты деңгейде атап өтілуде. Осындай шаралардың бірі Алматы облысында да өтті. Қарасай ауданында Қаскелен қаласының мәдениет үйінде Алматы облыстық Қоғамдық келісім және даму орталығы» ұйытқы болған «Ұлы даланың бахадүр ұлы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырды.
Сұлтан Бейбарыстың тұлғасы араб елдерінде де маңызы зор болғандықтан, ғылыми іс-шара қазақ, орыс, араб тілдерінде өтті. Оған тарих және этнология институтының мүшелері, шет елдің өкілдері, этносаралық орталықтың басшылары, аудан ұстаздары қатысты.
Айта кету керек, бұл конференция «Ұлы даланың, ұлы есімдері» арнайы жобасының аясында өткізілді.
Шара аясында баһадұр бабаның еңбегін насихаттап, дүниежүзілік деңгейде ұлықтап тек қазақстандық қана емес, сонымен қатар шетелдік ғалымдар өздерінің ойларын ортаға салды.
Жалпы шара аясында Сұлтан Бейбарыстың өткені түгенделіп, ұлықты істері насихатталды. Ұрпақтар арасындағы сабақтастық қалыптасып, ғалымдардың тәжірибе алмасуы жоғары деңгейде өтті.