«Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы - Бірлік пен келісім саясатының маңызды кезеңі» атты Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңес отырысының БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

«Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы - Бірлік пен келісім саясатының маңызды кезеңі» атты Алматы облыстық  Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңес отырысының  БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

2025 жылғы 15 сәуір күні сағат 16.30-да, Қонаев қаласы, облыс әкімдігі ғимаратының №4 залында «Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы - Бірлік пен келісім саясатының маңызды кезеңі» тақырыбында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңес отырысы өтеді.

Кеңес отырысы ҚХА мүшесі, Алматы облысының әкімі Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлының төрағалығымен өтеді.

Кеңес отырысында Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық орынбасарларын сайлау және Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамына жаңа мүшелерді қабылдау мәселелері көтеріледі.

Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшесі куәліктері табысталып, ел бірлігі мен қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға қосқан елеулі еңбектері үшін ҚХА мүшелері «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталады.

Оқиға күні

14 сәуір 2025

Оқиға түрі

Хабарландыру