Талдықорған қаласында "Жетісу идеологтарының ІІІ слеті" өтті

Талдықорған қаласында "Жетісу идеологтарының ІІІ слеті" өтті

Жетісу маржаны Алматы облысының ішкі саясат басқармасы мен бөлімдерінің басшыларын, сондай-ақ аудан әкімдіктерінің баспасөз хатшыларын біріктірді. Іс-шараны облыстың талдау және болжау орталығы ҚР Президентінің "сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі"Жолдауы аясында ішкі саясат басқармасының қолдауымен ұйымдастырды.

Кездесу модераторы, ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Алпысбаев хабарлағандай, іс-шараның негізгі міндеті - "тыңдайтын мемлекет"тұжырымдамасының аясында Мемлекет басшысының идеясын жүзеге асыру.

"Мемлекет басшысының бұл тұжырымдамасы көптеген маңызды мәселелерді қамтиды және көптеген елдер қолдайды. Президент өз Жолдауында қоғам мен биліктің өзара іс-қимылының маңыздылығына назар аударды, азаматтарды ашық диалогқа шақырды. Сонымен қатар, ұлтаралық байланыстарды жетілдіруге және қоғамдық келісімді нығайтуға ықпал ететін тілді дамыту жөніндегі мәселелердің маңыздылығын атап өтті. Біз билік пен халық арасындағы ашық диалог үшін құрылған алтын көпір болуға тиіспіз. Бұл мәселеге көбірек көңіл бөлу, ашық және жарқын пікір алмасу, елдегі жағдаймен жақынырақ танысу қажет", - деді ол.

Айта кету керек, Жетісу идеологтарының жыл сайынғы слетіне Алматы облысының ішкі саясат саласында көптеген жылдар бойы жұмыс істеген басшылар шақырылады. Бүгін Ғалиасқар Сарыбаев қатысты. Сондай-ақ, берілген тақырыпқа сәйкес облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айдар Башбаев та қатысты.

Облыстық ішкі саясат басқармасы жанынан "талдау және болжау орталығы", "JETISY MEDIA", "Рухани жаңғыру" жобалық кеңсесі құрылған, жоғарыда аталған ұйымдардың әрбір басшылары қызметі туралы айтып, жоспарларымен бөлісті.

Атқарылған ақпараттық жұмыстар арасында "JETISÝ MEDIA"жұмысы да атап өтілді.

"JETISÝ MEDIA" қызметінің негізгі мақсаты мемлекеттік органдар мен қоғамның өзара іс-қимылының тиімді тетігін құру және бұқаралық ақпарат құралдарымен сенімді және оң өзара іс-қимылды орнату болып табылады. 2019 жылы 215 баспасөз конференциясы өткізілді, оған 407 спикер қатысты, ақпараттық кеңістікте 17 834 мақала жарияланды.

Ақпараттық мақалалар мен жаңалықтар қазақ және орыс тілдерінде халықаралық, республикалық телеарналарда және "Жетісу" өңірлік телеарнасында, сондай-ақ өңірлік және республикалық деңгейдегі өзге де ақпараттық алаңдарда жарияланады.

2019 жылы халықтың әлеуметтік желілердегі хаттарына, шағымдарына, сауалдарына және ұсыныстарына және БАҚ-қа ресми түрде 652-ге жуық ресми жауап берілді (орта есеппен күніне 5 сұрақ келіп түседі, яғни халық жылына 36 500 онлайн-сұрау және бейресми жауап алады). Біз өзіміздің жұмысымызды одан әрі жалғастыруға және мемлекеттік органдарды халық үшін қолжетімді етуге тиіспіз. Осы идеологтар слеті алдағы міндеттерді орындауда жолбасшы болады деп үміттенемін", - дейді "JETISÝ MEDIA"КММ басшысы Жанна Арынбекова.

Өз кезегінде, "Рухани жаңғыру" жобалық кеңсесі басшысының орынбасары Ерасыл Толымбекұлы биылғы жылы еліміздің Тұңғыш Президенті бағдарламасы аясында 200-ге жуық жоба мен іс-шаралар жүзеге асырылатынын атап өтті.

"Ауқымды бағдарлама шыққан сәттен бастап жүзеге асырылуда. Биылғы жылы бізде "Тұғырлы түым", "Жаяу көкпар" және "IQ дода"жобалары жоспарланған. Бұдан басқа, біз әл-Фараби мен Абай Құнанбаевтың мерейтой күндерін атап өтуге да көңіл бөлеміз. Жалпы Алматы облысының қоржынында 200 - ге жуық жоба мен іс-шара қарастырылған", - деді ол.

Айта кету керек, өңірде қоғамдық-саяси жағдайды, этносаралық қатынастарды тұрақтандыру, қоғамдық пікірді зерттеу, БАҚ мониторингі бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Қазір бұл бағыттарға әлеуметтік желілермен жұмыс қосылған. Слет қорытындысы бойынша идеологтар белсенді мониторингті жалғастыруды және өздерінің ішкі рейтингтерін жүргізуді шешті.

Оқиға күні

13 наурыз 2020

Өткізу орны

Талдықорған, Балабанов көшесі, 28

Оқиға түрі

Форум

Кіру

тегін