ТҮКШ

ТҮКШ

 «Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы - Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясатты және әкімдікті жүзеге асыру.

Міндеттері:1) энергетика, жылу және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, жоспарларды, мақсатты бағдарламаларды әзірлеуге, қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;

2) тұрғын үй қатынастары, коммуналдық қалдықтарды облыстағы елді мекендер шекараларында (жолдарында) басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;

3) облыстың елді мекендерінің шекараларында (жолдарында) сумен жабдықтау, су бұру саласындағы мемлекеттік реттеу саясатын іске асыру;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

 

Жаңалықтар

Барлық жаңалық

Оқиғалар күнтізбесі

Барлық оқиға

    Жиі қойылатын сұрақтар

    Барлығын көру

    Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының (бұдан әрі -Заң) 71-бабына сәйкес, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алуды тұрғылықты жерi бойынша ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы жүзеге асырады.

    Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабының 1-тармақшасына сәйкес мұқтаждар есебінде тұратын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй, қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі.

    Осы Заңның 67-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органдар тұрғын үй алуға мұқтаж азаматтарды бөлек тізім бойынша есепке алады:

    - Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына;

    - Жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

    -"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға

    -Халықтың әлеуметтiк аз қамтылған топтарына

    -Мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға;

    -Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына.

    Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 74-бабы 4-тармағына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға немесе жеке меншік тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге, Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және қатысушыларына, көпбалалы аналарға, жетімтер мен  ата-ана қамқорлығынсыз өскен балаларға бірінші кезекте алуға кепілдік береді.