Мәдениет

Мәдениет

Алматы облысында мәдениет саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда облыстың мәдениет және архив мекемелерінің желісі 298 нысанды құрайды.

Оның ішінде 122 мәдениет үйі мен клуб, 145 кітапхана, 16 музей, 11 архив және 4 облыстық мәдениет мекемесі халыққа қызмет көрсетеді. Мәдениет саласында 2 131 қызметкер еңбек етеді.

Сонымен қатар, облыста 41 «Халықтық» және «Үлгілі» ұжым, 718 көркемөнерпаздар үйірмесі жұмыс істейді.

Жаңалықтар

Барлық жаңалық

Оқиғалар күнтізбесі

Барлық оқиға

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы «Архив ісі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» №159 бұйрығымен бекітілген 1-тарауы, 3 тармағында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметті "Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві" республикалық мемлекеттік мекемесі, орталық мемлекеттік архивтер, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, қалалардың, аудандардың мемлекеттік архивтері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді» - делінген.Осыған орай, Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы" (ХККО) коммерциялық емес акционерлік қоғамына немесе "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы арқылы тиісті мемлекеттік архивтерге сұраным жолдауыңызға және қызмет берушінің кеңсесі арқылы жіберуіңізге болады.