КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ХАБАРЛАМА

Статистика басқармасы мемлекеттік орган және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы №257 IV Заңын басшылыққа ала отырып қызметін атқарады. Мемлекеттік статистика органдары алғашқы статистикалық деректерді статистикалық ақпаратты түзу мақсатында пайдаланады және құпиялығына кепілдік береді. ҚР «Мемлекеттік статистика туралы» заңның 17-бабының, 2 тармақшасына сәйкес барлық респонденттер (есеп тапсырушылар: жеке кәсіпкерлермен шаруа қожалықтар ) статистика органдарына статистикалық есепті тапсыруға міндетті. Алғашқы статистикалық деректерді белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық» туралы Кодексінің 497, 499, 501, 503 баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар болып табылып, осы баптарға сәйкес жазалауға әкеп соғатынын ескертеміз.
Жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтар экономикалық қызмет түріне қарай 2-сх «Астықтың қолда бары және қозғалысы туралы» айлық (жылдық), А-008 «Шағын шаруа немесе фермер қожалықтарында және жұртшылық шаруашылықтарында мал шаруашылығы өнімдерін өндіру» жылдық, 01-ИП(пром) «Дара кәсіпкерлердің өнеркәсіп өнімін (тауарлар, көрсетілген қызметтер) өндіру туралы» жылдық, 1-сх «Ауыл шаруашылығы құралымының қызметі туралы» жылдық, 1-ВТ «Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу туралы есеп» жылдық есептерін тарсыруға міндетті.
Статистикалық есептердің тапсыру мерзімі
|
Статистикалық есеп атауы |
кезеңділігі |
Тапсыру мерзімі |
|
2 - сх |
айлық |
2021 жылғы әр айдың 2 не дейін |
|
А - 008 |
айлық |
2021 жылғы әр айдың 24 мен 28 күні аралығында |
|
01 – ИП (пром) |
жылдық |
2021 жылғы 20 ақпанға дейін |
|
1 - сх |
жылдық |
2021 жылғы 10 наурызға дейін |
|
1 - ВТ |
жылдық |
2021 жылғы 15 наурызға дейін |
Статистикалық есептерді ұсыну үшін Сіздерге біріншіден, Халыққа қызмет көрсету орталығынан электрондық қолтаңба (ЭЦҚ) алу қажет. ЭЦҚ алу жолдары Ұлттық куәландыру орталықтарында http://www.pki.gov.kz қол жетімді. Екіншіден, www.stat.gov.kz интернет-ресурсының респонденттер кабинетінен толтыруға қажетті статистикалық нысандар тізбесінен таба аласыздар және есептерді осы жерден тапсыруға мүмкіндіктеріңіз бар. Электрондық түрде есептерді өткізу бойынша кеңес алу үшін –coll-center 8-8000-800-878 (қоңырау шалу Қазақстан бойынша тегін) хабарласыңыз немесе Нарынқол ауылы Райымбек 29А мекен – жайында орналасқан аудандық Статистика басқармасының 2 – 23 – 04 телефон номеріне хабарласу және келу арқылы есептеріңізді тапсыруға болатынын хабарлаймыз.