Райымбек ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы

Оповещение

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының  31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11148 болып тіркелген) сәйкес, Райымбек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

1.Райымбек ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

  1. Райымбек ауданының «Кәсіпкерлік бөлімі»  мемлекеттік  мекемесі;

1)  Осы қаулының аумақтық  Әділет органында мемлекеттік  тіркелуін;

2) Осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін Райымбек ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Сатылғановқа  жүктелсін.
     

 

Аудан әкімі                                      Н. Құдайбергенов

 

     

 

Оқиға күні

16 тамыз 2021

Оқиға түрі

Хабарландыру