«Райымбек аудандық кітапханасы» КММ
Кітапхана — мәдени-ағартушылық ғимарат. Кітапхана баспасөз шығармаларын жинау, сақтау, насихаттаумен, оқырмандарға баспасөз шығармаларын берумен, мәдени-ағарту және ғылыми-көпшілік жұмыстарын ұйымдастырумен шұғылданады. Жаңа заманға сай цифрландыру жүйесін қолға алып, «КОВОРКИНГ» орталығы жұмыс жасайды. Кітап қоры-118465, оқырман саны- 9422, келуші саны-115568, кітап берілім-17654.
Ағымдағы жылы кітапханамызда өткізілген шара саны-794, оның ішінде онлайн сұхбат-15, оқырман конференциясы-5, дөңгелек үстел-61, кездесу кештері-61, кітап көрмесі-130, видео шолу-141, марафон-9, байқау-29, басқа түрлі шаралар-343.
Атап айтсақ 2021 жылы шілде айының 22-23 күндері С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы мен Райымбек аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен ақын М:Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Мұқағалитану ісін жандандыру және кітапханаларды цифрлық-электронды форматқа көшу» атты облыстық семинар-кеңес өтті.
«Туған жерге тағзым» жобасы аясында жерлесіміз, ғалым Әділ Ахметов пен профессор, ғалым, кәсіпкер Қайрат Әбек Зауытбекұлының қолдауымен "Электронды кітапхананың" тұсаукесер рәсімі өтті. Цифрлы-электронды кітапханаға 5 моноблок сыйға тартылды.
Кітапханамызда «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасы , «Бір ел, бір кітап» акциясы аясында шаралар өткізілуде.