"Қонаев қаласының, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары 1 бірлік , 88-18-02

Мемлекеттік орган

Қонаев қаласының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

E-R-2 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

375741

Жалпы біліктілік талаптары

   E-R-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, D-R-3, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

Мамандығы

  • Инженерия және инженерлік іс
  • Өндірістік және өңдеу салалары
  • Сәулет және құрылыс
  • Механика
  • Техникалық физика
  • Стандарттау, сертификаттау және метрология

Функционалды міндеттер

Бөлім басшысы тапсырған функционалдық міндеттердің бір бөлігін орындайды және олардың уақтылы әрі сапалы орындалуын бөлім басшысы бақылайды, бөлім басшысының барлық қызметтік тапсырмаларын орындайды; жылыту маусымына дайындық жұмыстарының уақтылы жүргізілуіне бақылау жасайды; өңірдің санитариялық тазалығын ұйымдастырады және бақылайды; қаланың санитариялық тазалығы мен көгалдандыру нысандарының күтімі бойынша есеп дайындайды; қала аумақтарын санитариялық тазалау бойынша іс-шараларды, санитариялық тазалық айлықтары кезінде қала ұйымдары мен кәсіпорындарымен бірлесіп ұйымдастырады, қала бойынша сенбіліктер өткізуді келіседі; өзіне жүктелген мәселелер бойынша жедел материалдардың дайындалуын қамтамасыз етеді; бөлім қызмет саласына қатысты көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына бақылау жүргізеді; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында жобалау-іздестіру жұмыстарын ұйымдастырады; Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес конкурс құжаттамасын әзірлейді; бөлім балансына берілген нысандар бойынша жалпы бақылау жүргізеді; коммуналдық меншіктегі нысандарды сенімгерлік басқаруға және жалға беруді заңнамада белгіленген тәртіппен ұйымдастырады; жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша әкімшілік іс жүргізу жұмысын бақылайды, оларға жауап жобаларын дайындайды; техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді; ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 27.04.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

28.04.2026 – 30.04.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы обласы, Конаев қаласы, Жамбыл көшесі 13

Анықтама алу үшін байланыс

87016958148