Қонаев қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы, мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімінің бас инспекторы. Индексі 88-09-02

Мемлекеттік орган

Қонаев қаласының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

E-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

240721

Жалпы біліктілік талаптары

   Е-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

    Функционалды міндеттер

    Өзінің лауазымдық міндеттерін атқару үшін бас маман, әкімшілік мемлекеттік қызметші ретінде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 10 бабында белгіленген міндеттерді және төмендегі функционалдық міндеттерді атқаруы тиіс: Бөлімнің бақылау құжаттары бойынша жинақтау папкасын жүргізеді; Заңды және жеке тұлғалардан бөлімге түскен хаттарды, өтініштерді уақытылы және сапалы орындау. Қала әкімінің кездесулері бойынша қажетті материалдарды дайындайды, хаттама жүргізеді. Қала әкімінің кездесулері және облыс әкімінің қаладағы кездесулері бойынша бөлімдер мен округтерден ақпарат жинауды жүзеге асырады, өңдеуді, мониторингті, талдауды жүргізеді және барлық деңгейдегі әкімдердің кездесулері бойынша есептерді облыс әкімінің аппаратына жібереді; Облыс әкімінің аппараттық кеңестерінде берілген хаттамалық тапсырмалары бойынша «Айпротокол» базасында жұмыстың уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді; Баратын объектілердің паспорттарын және объективтерді, бару бағдарламаларына, қалаға сапарларға сәйкес жол жүру сызбаларын жинауды, өңдеуді жүзеге асырады; Ақпараттық технологиялар, интернет, бейнеконференцбайланыс, ZOOM қосу мәселелері бойынша аппараттың жұмысын уақтылы ұйымдастыруды жүзеге асырады. «Geonomics Электорат» базасында сайлаушылардың тізімін өзектендіреді және түзету жұмыстарын жүргізеді, қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен, көші-қон, азаматтық хал актілерді тіркеу бөлімімен (АХАЖ) бірлескен жұмыс жүргізеді. Қаланың сайлау учаскелерін құру туралы қала әкімінің шешімін әзірлейді (ҚА), қажет болған жағдайда өзгерістер мен толықтырулар еңгізеді, сондай- ақ қаланың сәулет және қала құрылысы бөлімімен бірлесіп сайлау учаскелерінің шекараларын жинақтайды; Қала әкімі аппаратының, қалалық бөлімдердің ақпараттарын қала әкімдігінің ресми интернет-ресурсына уақтылы орналастыруды жүзеге асырады. Сайтты өзектендіру және жаңарту жұмыстарын жүргізеді. Қала әкімінің, аппарат басшысының кеңестеріне шақырылған лауазымды адамдардың тізімдерін, қалалық іс-шараларға арналған тізімдерді, сондай-ақ оларды басқа құрылымдық бөлімшелерде бірлесіп хабардандыруды жасайды. Бөлім мәселелері бойынша жедел материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді; Облыстық әкімдіктен, Алматы облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, басқармалардан сұратылатын құжаттар мен ақпараттардың уақтылы орындалуын және ұсынылуын қамтамасыз етеді; Техникалық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз етеді; Ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз етеді; Бөлім басшысының тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды жүзеге асырады; Бөлім басшысы мен бас инспектордың болмаған кезеңде ауыстыруды жүзеге асырады; ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне енгізілген 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI сәйкес өтініштермен жұмысты жүзеге асырады және дербес жауапты болады. "В"- функционалдық блогы. 

    Ескертпе

    Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


    Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
    Тестілеу бағдарламалары

    Жарияланған күні: 31.01.2025

    Ішкі конкурс

    Құжаттарды қабылдау мерзімі:

    03.02.2025 – 05.02.2025
    Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

    Қажетті құжаттар

    • Тізімᅠ
    • Өтініш үлгісіᅠ
    Құжаттарды жіберу

    Сұхбаттасу орны

    Алматы облысы, Қонаев қаласы, Жамбыл көшесі 13

    Анықтама алу үшін байланыс

    87016958148