"Қонаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының орынбасары (1 бірлік), Р-3

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

E-R-2 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

E-R-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, D-R-3, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Электр энергетикасы

Қосымша талаптар

 (қалалық шаруашылықта басқаруды ұйымдастыру және/немесе экономика және қала шаруашылығын ұйымдастыру )

Функционалды міндеттер

Өзінің лауазымдық міндеттерін атқару үшін басшы орынбасары, әкімшілік мемлекеттік қызметші ретінде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 10 бабында белгіленген міндеттерді және төмендегі функционалдық міндеттерді атқаруы тиіс: Бөлім басшысының өзіне жүктелген функционалдық міндеттерінің бір бөлігін орындайды, олардың уақытылы және сапалы орындалуын бақылайды, бөлім басшысының барлық қызметтік тапсырмаларын орындайды. Бөлім басшысы болмаған кезеңде (еңбек демалысы, іссапар немесе сырқаттану) оның міндеттерін толық орындайды және олардың тиісінше орындалуына жауапты болады. Жылыту маусымына дайындық бойынша жұмыстардың уақтылы жүргізілуіне бақылауды жүзеге асырады; Аймақты санитарлық тазалау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және бақылайды; Қаланы санитарлық тазалау, жасыл желектерді күтіп ұстау бойынша есеп дайындайды; Қала аумағын санитарлық тазалау бойынша айлықтар өткізу кезеңінде қала ұйымдарымен және кәсіпорындарымен санитарлық тазалау бойынша ісшараларды ұйымдастырады, қаланы санитарлық тазалау бойынша сенбіліктер өткізуді келіседі; Жолаушылар мен багажды тұрақты ауылдық, ауданішілік тасымалдауды ұйымдастырады, олардың маршруттарын бекітеді, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастырады және өткізеді, маршруттар бойынша жүру кестесін бекітеді. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауылдық, ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарының тізілімін жүргізеді; Бөлімнің қызмет саласына жататын мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылауды жүзеге асырады; Коммуналдық шаруашылық саласында жобалау-іздестіру жұмыстарын ұйымдастырады; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес конкурстық құжаттаманы әзірлейді; Бөлім балансына берілген объектілерге қатысты жалпы бақылауды жүзеге асырады; Коммуналдық меншік объектілерін заңнамада белгіленген тәртіппен сенімгерлік басқаруға және жалға беру бойынша жұмысты ұйымдастырады; Жетекшілік ететін мәселелер бойынша жедел материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді; Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша әкімшілік іс жүргізудің жұмысын бақылайды, оларға жауаптардың жобаларын дайындайды; Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді; Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

 «А» - функционалдық блогы

 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 04.07.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

05.07.2024 – 10.07.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

«Қонаев қаласы әкімінің аппараты» ММ, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Жамбыл көшесі 13, индекс 040800

Анықтама алу үшін байланыс

87025555985