Қала әкімі тұрғындарды жеке мәселесі бойынша қабылдады

Қала әкімі тұрғындарды жеке мәселесі бойынша қабылдады

Қала әкімі тұрғындарды жеке мәселесі бойынша қабылдады

Бұл жолы қала әкімі Асхат Бердіхановтың қабылдауында 9 адам болды. Олар көпқабатты тұрғын үйдің шатырын жөндеу, мемлекеттік қордан пәтер алу, мүгедектік алу, сондай-ақ қала аумағына дүңгіршек қойып, бизнесті жүргізу мәселелерін көтерді.

Мүгедектік алу бойынша қалалық аурухананың және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ал пәтер алу бойынша қала әкімі қазіргі таңда бюджеттік мекемелерде жұмыс істеген немесе істеп жүрген азаматтарға пәтерлер беру бағдарламасы жоқ екенін айтты.

«Бұрын бюджеттік мекемелерде қызмет етіп, зейнетке шыққан адамдар пәтер алуға кезектерінің санаттарын «Зейнеткер» санатына өзгертуі тиіс. Бұл бойынша ТҮКШ бөлімі өтініш түскен азаматтарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіңіздер. Бұдан бөлек, бюджеттік мекеме қызметкерлерінің баспаналы болуына байланысты тиісті министрлікке хат жолдап, жауабын алыңыздар», - деді әкім.

Ал шатырларды жөндеу мәселесіне келсек, өтініш түскен тұрғын үйлерге ТҮКШ бөлімінің мамандары барып, түсірілім жасады. Есеп қала әкіміне жолданды.

Айта кетейік, шаһар басшысы Асхат Бердіхановтың қабылдауына әкімдіктің 101-кабинетінде немесе қалаішілік +7 (72772) 2-05-92 нөмірі бойынша жазылуға болады.