Алматы облыстық маслихаты аппаратының бас инспекторы, (индекс: ГУААОМ-6)
Алматы облысының мәслихат аппараты
Алматы облысы
282305
Жалпы біліктілік талаптары
D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
4) кеңесші және көмекші лауазымдарына жұмыс тәжірибесі қажет емес.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Функционалды міндеттер
Алматы облыстық мәслихатының экономика, бюджет құқық тәртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, депутаттық этика мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына (әрі қарай - тұрақты комиссия) әдістемелік көмек көрсету. Тұрақты комиссияның және тұрақты комиссияның құрамындағы облыстық мәслихаты депутаттарының қызметі туралы мәслихаттың ресми сайтында, әлеуметтік желілерде, БАҚ ораналастырылуын қамтамасыз ету, жария етілген материалдардың есебін жүргізу және талдау. Тұрақты комиссияда қаралатын мәселелер ауқымына және өз құзыретіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне, мемлекеттік органдардың, сонымен қатар өзге ұйымдардың хаттарына жауаптардың жобаларын әзірлеу. Тұрақты комиссияның құрамындағы облыстық мәслихаты депутаттардың мемлекеттік органдарға жолдаған депутаттық сауалдарының тізімін қалыптастыру, олардың орындалуын бақылау және талдау жүргізу. Облыстық мәслихаттың төрағасымен жүргізілетін азаматтарды қабылдаулардың, аппарат отырыстарының хаттамаларының жүргізілуін, тиісті құжаттаманың әзірленуін қамтамасыз ету. Облыстық мәслихат сессиясының ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу. Сессия хаттамаларын жүргізу, облыстық мәслихатпен қабылданған шешімдердің тіркелуін және тиісті мекемелерге жіберілуін қамтамасыз ету. Облыстық мәслихат сессиялары материалдарының жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларына алдын ала жіберілуін қамтамасыз ету. Облыстық мәслихатқа түскен ақпаратты, атқарушы органдар басшыларының есептерін талдау. Облыстық мәслихатының және оның тұрақты комиссияларының бақылау функцияларын іске асыру бойынша талдау жүргізу. Балқаш аудандық мәслихатына әдістемелік көмек көрсету, жетекшілік ету. Жетекшілік ететін ауданда облыстық мәслихат төрағасының қатысуымен өткізілетін көпшілік отырыстар, халықпен кездесулер және жиындарды ұйымдастыру және қажетті ақпараттың мерзімінде және сапалы берілуін және БАҚ, әлеуметтік желілерде, сайтта жариялануын қамтамасыз ету. Депутаттық сауалдардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына және жолданатын мемлекеттік органдардың қызметі мен құзыретіне сәйкес болуын қадағалау, сауалдардың уақытылы тіркелуін және тиісті мемлекеттік органдарға жолдануын қамтамасыз ету. Облыстық мәслихат депутаттарының мемлекеттік органдарға жолдаған депутаттық сауалдарының тізімін қалыптастыру, олардың орындалуын бақылау және талдау жұмыстарын жүргізу. Облыстық аумақтық комиссия құрамын қалыптастыру және өзгерістерді енгізу бойынша жұмысына қатысу. Облыстық мәслихат аппаратының құжаттар-ісінің сапалы және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жүргізілуін қамтамасыз етеді. Облыстық мәслихат төрағасының және тұрақты комиссия төрағаларының электрондық-цифрлық қолтаңбасының алдын ала әзірленуін қамтамасыз ету. Өзіне қызметтік міндеттерді атқару үшін тапсырып берілген компьютер мен кеңсе техникасының, жиһаздың және басқа да материалдық-техникалық құралдардың сақталуына, дұрыс пайдалануына жауапты.
«В» - функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4
-
87478613614