Алматы облыстық мәслихатының бас инспекторы, (1 бірлік), ГУААОМ-6
Алматы облысының мәслихат аппараты
Алматы облысы
236338
Жалпы біліктілік талаптары
D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Мәслихат аппаратында мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізу рәсімдерін орындауды жүзеге асыру. Өзге тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің техникалық сипаттамаларын сапалы және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес әзірленуін қамтамасыз ету. Облыстық мәслихат аппаратымен жүргізілетін мемлекеттік сатып алулардың жылдық жоспарының уақытылы және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес әзірленуін қамтамасыз ету. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық комиссияның жұмысын ұйымдастыру. Облыстық мәслихаттың төрағасына және аппарат басшысына мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру бойынша мәліметтерді, есептерді әзірлеу және уақытылы жолдау. Облыстық мәслихат аппаратымен жүргізілетін мемлекеттік сатып алулардың мемлекеттік сатып алу порталында талап етілетін ережелерге және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жүргізілуін қамтамасыз ету. Еңбекшіқазақ және Балқаш аудандық мәслихаттарына әдістемелік көмек көрсету, жетекшілік ету. Еңбекшіқазақ және Балқаш аудандық мәслихат төрағаларының облыстық мәслихаттың сессияларына және өзге де іс-шараларына қатысуын қамтамасыз ету. Еңбекшіқазақ және Балқаш аудандарындағы облыстық мәслихат төрағасының қатысуымен өткізілетін көшпелі отырыстар, халықпен кездесулер және өзге де жиындарды ұйымдастыру, қажетті ақпараттың уақытылы және сапалы берілуін, БАҚ, әлеуметтік желілерде, мәслихаттың ресми сайтында жариялануын қамтамасыз ету. Тиісті жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларын облыстық мәслихаттың сессияларына және өзге де іс-шараларына қатысуын қамтамасыз ету. Бюджеттік өтінімдерді, қаржыландырудың төлемдемелері мен міндеттемелерінің жеке жоспарларын әзірлеу. Мәслихат сессияларының жүргізілу тәртіптерін және хаттамаларын әзірлеу. Облыстық мәслихаттың атынан Алғыс хаттарының және Құрмет грамоталарының жобаларын әзірлеу. Облыстық мәслихат төрағасының және тұрақты комиссия төрағаларының электрондық-цифрлық қолтаңбасының алдын ала әзірленуін қамтамасыз ету. Өз құзыретіне сәйкес облыстық мәслихат аппаратына түскен хаттарға, өтініштерге жауаптардың жобасын әзірлу. Облыстық мәслихатпен өткізілетін іс-шараларды ұйымдастыру жұмыстарына қатысу. Мәслихат аппаратының басқа функцияларына, қажет болған жағдайда өзге жұмыстары мен қоғамдық шараларына қатысу. Өзіне қызметтік міндеттерді атқару үшін тапсырып берілген компьютер мен кеңсе техникасының, жиһаздың және басқа да материалдық-техникалық құралдардың сақталуын, дұрыс пайдалануын қамтамасыз ету.
«В» - функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4, 6 қабат 613 бөлме
-
87478613614