Алматы облыстық мәслихаты аппаратының бас инспекторы, (индекс - ГУААОМ-5)
Алматы облысының мәслихат аппараты
Алматы облысы
327474
Жалпы біліктілік талаптары
D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
4) кеңесші және көмекші лауазымдарына жұмыс тәжірибесі қажет емес.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Функционалды міндеттер
Алматы облыстық мәслихатының дін, тіл, этносаралық қатынастар, ішкі саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына (әрі қарай жетекшілік ететін тұрақты комиссия) жетекшілік ету. Жетекшілік ететін тұрақты комиссияның тиісті жылға арналған жұмыс жоспарының қалыптастырылуын қамтамасыз ету және орындалуын бақылау. Жетекшілік ететін тұрақты комиссиясына әдістемелік және кеңестік көмек көрсету. Жетекшілік ететін тұрақты комиссияның қызметін қамтамасыз ету және тиісті құжаттамасын жүргізу (хаттар, күн тәртіптері, жүргізу тәртіптері, баяндамалар, қосымша баяндамалар, хаттамалар, қаулылар, ұсынымдар тізбелері және т.б.), жинақ мұқабаларын жүргізу. Жетекшілік ететін тұрақты комиссияның және тұрақты комиссияның құрамындағы облыстық мәслихаты депутаттарының қызметі туралы мәслихаттың ресми сайтында, әлеуметтік желілерде, БАҚ ораналастырылуын қамтамасыз ету, жария етілген материалдардың есебін жүргізу және талдау. Жетекшілік ететін тұрақты комиссиясында қаралатын мәселелер ауқымына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне, мемлекеттік органдардың және өзге ұйымдардың хаттарына жауаптардың жобаларын әзірлеу. Жетекшілік ететін тұрақты комиссияның құрамындағы облыстық мәслихаты депутаттардың мемлекеттік органдарға жолдаған депутаттық сауалдарының тізімін қалыптастыру, олардың орындалуын бақылау және талдау жүргізу. Қонаев қалалық мәслихатына әдістемелік көмек көрсету, жетекшілік ету. Қонаев қалалық мәслихат төрағасынаң облыстық мәслихаттың сессияларына және өзге де іс-шараларына қатысуын қамтамасыз ету. Жетекшілік ететін аудандардағы облыстық мәслихаты төрағасының қатысуымен өткізілетін көпшілік отырыстар, халықпен кездесулер және жиындарды ұйымдастыру және қажетті ақпараттың мерзімінде және сапалы берілуін, БАҚ, әлеуметтік желілерде, сайтта жариялануын қамтамасыз ету. Облыстық мәслихат сессиялары материалдарының жетекшілік ететін тұрақты комиссияның құрамындағы мәслихаттың депутаттарына және жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларына алдын ала жіберілуін қамтамасыз ету. Мәслихат аппаратының ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі қызметтерді жүзеге асыру, ақпараттық қауіпсіздікті сақтауға бағытталған шаралардың жүргізілуін қамтамасыз ету. Облыстық мәслихатқа деген оң көзқарасты қалыптастыру және оның беделін арттыруды қамтамасыз ету. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жергілікті облыстық мәслихат тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыстардың азаматтарға кеңінен насихатталуын қамтамасыз ету; Облыстық мәслихат аппаратының ресми сайтына тиісті ақпараттарды сапалы және уақытылы жариялануын қамтамасыз ету; Облыстық мәслихат төрағасының баяндамаларының, тезистерінің және облыстық мәслихат атынан БАҚ құралдарында жарияланатын мақалалардың жобаларын әзірлеу. Өзінің лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыруға қатысты құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу. Өзіне қызметтік міндеттерді атқару үшін тапсырып берілген компьютер мен кеңсе техникасының, жиһаздың және басқа да материалдық-техникалық құралдардың сақталуына, дұрыс пайдалануына жауапты.
«А» - Функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4
-
87478613614