Алматы облысының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурстың өткізілетіндігі туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Алматы облысының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурстың өткізілетіндігі туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Алматы облыстық мәслихаты Алматы облысының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурстың өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы
26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің
7-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабарландыруда көрсетілген мынадай құжаттарды қолма-қол береді немесе облыстық мәслихаттың электрондық мекенжайына:

1) кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) азаматтың өтінішін;

2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;

5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімді жібереді.

Жұмыс тобының мүшелігіне кандидат осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден Алматы облыстық мәслихатының талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады.

Жұмыс тобының сандық құрамы: 9 (тоғыз) адам.

Мемлекеттік органнан өкілдік ету: жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бірі (3 адам).

Азаматтық қоғамнан өкілдік ету: жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен екісі (6 адам). Азаматтық қоғамнан өкілдік ету коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.

Алматы облысының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобына кандидатуралар туралы ұсыныстарды және өтініштерді қабылдайтын мемлекеттік орган – Алматы облыстық мәслихаты.

Құжаттар 2025 жылғы 08 қаңтардан бастап 2025 жылғы 14 қаңтарды қоса алғанда 18.30-ға дейін қабылданады.

Мекен жайы: Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі, 16/4,
№ 615 кабинет.

Электронды пошта– Aiym_555@mail.ru

Анықтама үшін телефон 8 (72772) 20346

Жұмыс тәртібі: «Алматы облыстық мәслихатының аппараты» ММ дүйсенбі – жұма күндері сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.