Меню

Страницы

Статья

Жақсы күндерде жолығайық

 

«ZAMAN JARSҺYSY» газеті

17.04.2020 жыл-№20

 

Жақсы күндерде жолығайық

 

Бүгінде бүкіл әлем жұртшылығы үшін өте жайсыз жағдай орын алып, ол барлығымызды да қатты ойландырып, толғандыруда, денсаулығымыз үшін барынша алаңдап, осы орайдағы сақтық шараларын қатаң  сақтауымызды талап етіп отыр.

Яғни, коронавирус деген аты жаман індет дүниежүзін жайлап, бәріміздің өмірімізге қауіп төндіруде. Сондықтан да қазіргі кезде егемен елімізде оны ауыздықтау үшін көп  жұмыстар атқарылуда.

Мұндайда, әсіресе, ел-жұрттың бірлігі мен ынтыма-ғының, бір-бірін қолдап, бір-біріне жәрдем-десуінің үлкен мән-маңызы бар. Бұл ретте ең алдымен азаматтарымыздың әлеуметтік жағынан аз қамтылған бөлігіне баса назар аудару керек.

Өз басым да халыққа осындайда демеушілік көрсетуді парыз санаймын. Атап  айтқанда, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы арқылы, азық-түлікке мұқтаж сегіз көп балалы отбасына көмек берілуіне ықпал еттім.

Мұндай ізгі істерді алдағы уақытта да ойластыратын боламын. Ең үлкен тілегім – қауіпті індеттен тезірек арылып, жақсы күндерде  жолығайық, ағайын!

 

Ә. СӘРСЕНОВ-облыстық мәслихатының депутаты

 

Дата публикации
Дата обновления
Тип

Сейчас читают

Информация
09 сентября 2026
Картограмма коррупции
Информация
09 сентября 2026
Перечень должностей с коррупционным риском
09 сентября 2026
План мероприятий по противодействию коррупции

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы