2022 жылы Алматы облыстық маслихатының «Индустриялық-инновациялық, көліктік-логистикалық инфрақұрылымды даму, кіші және орта бизнесті, туризм мен спортты қолдау мәселелері бойынша
тұрақты комиссиясының атқарылған жұмыстары туралы мәлімет
Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы Төлепбергенова А.Б.., мүшелері (Байтаев Б.І., Алиев Н.М., Орынбасаров Н.Ж., Асқаров М.Қ.)
2022 жылы 26 тамыз айында тұрақты комиссия отырысы өткізілді.
Күн тәртібінде «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 242 қаулысымен бекітілген Дене шыңықтыру мен бұқаралық спортты дамыту жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының Алматы облысында жүзеге асырылуы, орын алып отырған проблемалар және оларды шешу жолдары туралы» мәселе қаралды. Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Н.М.Теңізбаев баяндады. Баяндама барысында өзекті мәселелерді атап өтті.
Деңе шынықтыру және туризм басқармасымен бірлесіп алгоритм құрып жұмыс атқару қажет. Осы сұрақтар бойынша Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Н.М.Теңізбаевтың есебі тыңдалып, қаулы қабылданды.
Автожол жағдайы және көлік мәселесі туралы мониторинг комиссия мүшелері Райымбек ауданында жүргізді. Осы мониторинг жүргізу барысында мәжіліс депутаты Б.Смағұлмен бірге Кеген мен Нарынқол арасындағы 89 шақырым жерге тесік жамау жұмыстары жүргізілетіні және Кеген асуында 12 шақырым күрделі жұмыстары жөнделетіні туралы және мәжіліс депутаты өзінің бақылауына алатыны туралы мәлімдеді. Қазіргі таңда бұл мәселе шешімін тауып, жолдар жөндеуден өтетін болды.
2022 жылы 4 қазан айында Қарасай ауданы Шамалған ауылында Алматы облыстық маслихатының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және құрылыс және индустриялық-инновациялық, көліктік-логистикалық инфрақұрылымды даму, кіші және орта бизнесті, туризм мен спортты қолдау және экономика, бюджет, құқық тәртібі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, депутаттық өкілеттік және этика мәселелері бойынша тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Күн тәртібінде: 1. Алматы облысында жылу беру маусымына дайындық бойынша жоспардың орындалуы туралы
2022 жылы 12 қазан айында Ұйғыр ауданының аудандық кітапханасында Алматы облыстық мәслихатының «Экономика, бюджет, құқықтық тәртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, депутаттық өкілеттіктер мен этика» және ауылшаруашылығы, жер қатынастары, ветеринария және экология мәселелері бойынша бірлескен көшпелі тұрақты комиссия отырысы өтті. Кездесуге комиссия төрағасы, модератор Ерік Абитов және облыстық мәслихат депутаттары, облыстық ауылшаруашылық, ветеринария, Полиция департаменті, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларының өкілдері мен аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысты.
Тұрақты комиссия отырысында ауыл шаруашылығы және ветеринария салаларын қосымша қаржыландыру, облыстағы мал ұрлығының алдын алу, тұрақты комиссиялардың екінші жартыжылдыққа арналған жұмыс жоспарын бекіту турасында мәселелер көтерілді. Осы орайда, Алматы облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Д.С.Құдабаев пен облыстық ветеринария басқармасының басшысы Н.Т.Қиялбеков баяндама жасады және мәслихат депутаттары тарапынан сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді.
Бұдан кейін облыс депутаттары аудандағы денешынықтыру –сауықтыру кешенінде жүргізіліп жатқан жұмыс барысы қаралды.
Алматы облысы, Ұйғыр ауданындағы Шонжы ауылында дене шынықтыру - сауықтыру кешені салынуда. Облыстық мәслихат депутаттарымен бірге осы нысанның құрылыс жұмыстары таныстырылды. Алдағы уақытта салынып жатқан сауықтыру кешеніне тиісті мониторинг жұмыстары жүргізілетін болады.