Алматы облысы Кеген ауданының «Тасашы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ Құрылымдық бөлімшенің басшысы. Индексі 32-01

Мемлекеттік орган

Кеген ауданының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

E-G-2 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

268344

Жалпы біліктілік талаптары

   E-G-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

Мамандығы

    Функционалды міндеттер

    1. Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкімет актілерінің, облыс, аудан және округ әкімдерінің шешімдерін, өкімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді.
    2. Облыс, аудан әкімі аппаратынан, басқа да жоғары органдардан келіп түскен құжаттарды тіркеп, орындалуын қадағалайды және жіберілген хат – хаттамаларды жинақтайды.
    3. Ауылдық округ әкімі еңбек демалысында болғанда, сырқаттанып қалғанда, іс-сапарға кеткенде міндетін уақытша атқарады.
    4. Округ әкімінің шешімдері мен өкімдері жобасының Заңға сәйкес сапалы дайындалуына жауап береді, оларды тіркеп, кіріске алып отырады.
    5. Округ әкімінің аппаратынан жіберілген шығыс құжаттарының Заңға сәйкес сапалы дайындалуына жауап береді, тіркеуге алып отырады.
    6. Округ әкімінің әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабын жүргізеді.
    7. Номенклатуралық іс – қағаздарының жүргізілуін қадағалап отырады.
    8. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеуге мерзімінде жауап беруге және оны қарау жөніндегі журналдарын құжаттарын жүргізеді.
    9. АНТ-жұмыстар жүргізуге, хаттамаларын жүргізуге жауап береді.
    10. Азаматтарға анықтамалар береді.
    11. "Алтын алқа", "Күміс алқа" алуға үміткерлердің тізімін анықтап, құжаттарымен жұмыс жасайды.
    12. Шетелден көшіп келген азаматтармен жұмыстар жүргізеді
    13. Ведомствалық мұрағат жұмысын ұйымдастырады.
    14. Округ әкімі аппараты қызметкерлерінің жиналысының, жалпы жұртшылық, өкілдер жиналыстарының, қоғамдық кеңес жиындарының жүргізу тәртібін даярлайды, шақырылғандардың тізімін даярлап, түгендейді, хаттамаларын жазады.
    15. Ауылдық әкімшілік, техникалық қызметкерлерінің табельін жүргізеді.
    16. Кадр құжаттарының жүргізілуіне жауап береді. Аппарат қызметкерлерінің еңбек кітапшаларының дұрыс жүргізілуін және оның сақталуын қамтамасыз етеді.
    17. Ауылдық округінің әкімі аппаратындағы мемлекеттік және техникалық қызметкерлерінің еңбек табелін жүргізеді.
    18. «Құрметті азамат» атағын беруге азамттардың құжаттарын жинап, ұсыныс дайындау.
    19. Өз саласына қатысты кеткен кемшіліктерді мерзімінде түзетіп, салынған айыппұлды төлеуге міндетті.
    20. Мемлекеттік және ведомстволық марапаттауларды тіркеу журналдарын жүргізеді.
    21. Өзінің бағалау парағын, жоспарын жасап бекітіп өткізіп отыру.
    22. Ауылдық округ әкімі аппарат қызметкерлерінің жеке іс папкаларын жүргізеді, оның сақталуын қамтамасыз етеді.
    23. Жұмыссыз азаматтарды ақылы қоғамдық жұмысқа тартуға жоғары тұрған органдарға ұсыныс енгізеді (ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілген азаматтардың тәбелін жүргізеді) және олардың техникалық қауіпсіздік ережесінің сақталуын қадағалайды. Жұмыспен қамту орталығымен тығыз байланыста болады. Ақылы қоғамдық жұмыстағы азаматтарды мақсатты жұмыстарға жұмсайды.
    24. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышын ұйымдастырады.
    25. Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты, қажетті есептерді беріп отырады.
    26. Е-қызмет, Е-өтініш, «Documentolog» бағдарламаларын меңгеріп жұмыстар жүргізуге міндетті.
    27. Өзіне бекітіліп берілген құрал-саймандардың дұрыс сақталуына жауап береді.
    28. Сайлау жөніндегі құжаттарды реттеп, сайлаудың өтуіне жауап береді.
    29. Электронды Үкімет порталы«е-gov.kz» («Өзіне – өзі қызмет көрсету») бойынша көрсетілген қызметтерді жүргізеді, оған қатысты есептерді тапсырады. Функционалдық блок - "А".

     

    Ескертпе

    Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


    Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
    Тестілеу бағдарламалары

    Жарияланған күні: 08.09.2025

    Ішкі конкурс

    Құжаттарды қабылдау мерзімі:

    09.09.2025 – 11.09.2025
    Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

    Қажетті құжаттар

    • Тізімᅠ
    • Өтініш үлгісіᅠ
    Құжаттарды жіберу

    Сұхбаттасу орны

    Алматы облысы Кеген ауданы, Кеген ауылы, Б.Момышұлы көшесі №9

    Анықтама алу үшін байланыс

    +77016980427