Алматы облысы Кеген ауданының «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің басшысы. Индексі 22

Мемлекеттік орган

Кеген ауданының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

E-R-1 (қолданыстағы) ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері, аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшылары

Орташа лауазымдық айлықақы

317807

Жалпы біліктілік талаптары

   Е-R-1 санатының ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің, аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшыларының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;

   4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес оның ішінде басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

Мамандығы

  • Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Өнер және гуманитарлық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Өнер
  • Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (білім беру саласы)
  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
  • Музыкалық білім
  • Бейнелеу өнері және сызу
  • Дене шынықтыру және спорт
  • Тарих
  • Мәдениеттану
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Туризм
  • Мәдени-тынығу жұмысы
  • Кітапхана ісі
  • Спорт менеджменті

Функционалды міндеттер

1. Бөлімге жалпы басшылық жасайды, бөлімге жүктелген міндеттерді орындау үшін жауап береді; 2. Өз жетекшілігіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, облыс, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін орындауға бақылау және тексеруді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді; 3. Мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарына сәйкес жұмыс жасайды; 4. Президент, Үкімет шешімдерін, ҚР Президентінің Әкімшілігінің тапсырмаларын, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді; 5. Президенттің Қазақстан Халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауын бұқара арасында түсіндіру, талқылау бағытындағы жергілікті атқару органдарының жұмысын үйлестіреді; 6. Мәдениет, кітапхана, дене шынықтыру және спорт ұйымының материалдық- техникалық базасын дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, есірткі және есірткі бизнесімен күрес, мүгедектерді оңалту, ауылдық жерлерді дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру. 7. Аудан командаларының облыстық, республикалық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету жұмыстарына сараптама жасау және үйлестіру. 8. Мәдениет, кітапхана, дене шынықтыру және спорт ұйымдарын санды және сапалы мамандармен қамтамасыз етуге сараптама жасап, оларды қайта дайындау және санатын көтеру жұмыстарын үйлестіру. 9. Бөлімнің жұмысын болжайды, ұзақ мерзімдегі және ағымдағы жұмыс жоспарларының орындалуына бақылау ұйымдастырады. Бөлімнің құзыретіне жататын жұмыстардың бағыты бойынша ақпараттық-талдау құжаттарын уақытында дайындау жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді; 10. Қызметкерлер арасындағы міндеттерді бөледі, оның орындалуы үшін тиісті тапсырмалар береді, орындалуын бақылайды, қажетті орындаушылық және еңбек тәртібін, бөлім қызметкерлерінің қызметтік нұсқауларды бұлжытпай орындауын қамтамасыз етеді; 11. Көрнекі-үгіт құралдарын орналастыру, жаңарту жұмыстарын жүргізеді; 12. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша тиісті жұмыс жүргізеді; 13. Аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындауды қамтамасыз етеді; 14. Аудан әкімі аппараты бөлімдерімен, мекемелермен, аудандық мәслихат аппаратымен бірлесіп іс-қимыл жасауды ұйымдастырады; 15. Азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізеді; 16. Техникалық қауіпсіздікті және ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз етеді; 17. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да іс-шараларды жүзеге асырады. "А" - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 05.06.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.06.2025 – 11.06.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы Кеген ауданы, Кеген ауылы, Б.Момышұлы көшесі №9

Анықтама алу үшін байланыс

87016980427