Алматы облысы Кеген ауданы әкімі аппаратының басшысы. Индексі 05

Мемлекеттік орган

Кеген ауданының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

E-2 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

357266

Жалпы біліктілік талаптары

   Е-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-3, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

    Функционалды міндеттер

    Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес, өз саласына қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, Заң талаптарында көрсетілген мерзімде орындалуына тікелей жауап береді. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі актілерінің, облыс және аудан әкімінің шешімдерін, өкімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді; Басқаратын саласы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын қадағалайды; Аудан әкімін атқарып отырған саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстары туралы қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді; Атқарып отырған саласы бойынша қызметкерлердің жұмыс жоспарын бұлжытпай орындауын және еңбек тәртібін сақтауын қадағалайды; Әкімдік отырыстарына, жергілікті атқару органдарының мәжілістеріне және басқарма, бөлімдер мен ауылдық округ әкімдері жүргізетін іс-шараларға қатысады;. Мемлекеттік органдар реформаларының жобаларын әзірлеу, бөлімдердің өзара әрекеттестігін, аудан әкімі аппараты жұмыс регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштерін қадағалайды. Аудан әкімінің аппаратына, «Документолог», «Е-қызмет», «Е-акимат», «Электорат», «Е-өтініш», «Е-лицензия» бағдарламаларының тұрақты жұмыс жасауына басшылық жасайды. Ауылдық округ әкімдерінің аппараттары мен бөлімдердің қызметтерін үйлестіреді. Функционалдық блок - "А".

    Ескертпе

    Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


    Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
    Тестілеу бағдарламалары

    Жарияланған күні: 08.05.2025

    Ішкі конкурс

    Құжаттарды қабылдау мерзімі:

    12.05.2025 – 14.05.2025
    Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

    Қажетті құжаттар

    • Тізімᅠ
    • Өтініш үлгісіᅠ
    Құжаттарды жіберу

    Сұхбаттасу орны

    Алматы облысы Кеген ауданы, Кеген ауылы, Б.Момышұлы көшесі №9

    Анықтама алу үшін байланыс

    87016980427