Алматы облысы Кеген ауданының «Жалағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы (уақытша негізгі қызметкердің 05.01.2027 жылға дейін бала күтімі демалысында болуына байланысты), №26-06 индексі.
Кеген ауданының әкімдігі
Алматы облысы
208062
Жалпы біліктілік талаптары
E-G-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
Функционалды міндеттер
Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметі актілерінің, облыс және аудан, ауыл әкімдерінің шешімдерін, өкімдерінің орындалуын қамтамасыз етуге; Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тікелей ұсынады: 1) «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» мемлекеттік қызметін көрсету. 2) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметін көрсету. 3) «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызметін көрсету. 4) «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру» мемлекеттік қызметін көрсету 5) «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» мемлекеттік қызметін көрсету. Тұрғындардан келіп түскен өтініштер мен арыз-шағымдарды тіркеу және оларға уақтысында жауап беру. Кіріс және шығыс құжаттарын есепке алу мен тіркеуді қамтамасыз ету және орындалуын қадағалау. Құжаттарды тиісті орындаушыларға жіберу. Статистикалық есептерді жүргізу. Азаматтарға әр түрлі анықтамалар беру және тіркеу жұмыстарын жүргізеді; Ауылдық округ бойынша үй шаруашылықтарының дәптерін жүргізу және оның дұрыс сақталуын қамтамасыз ету. Шаруашылық кітаптарын жүргізіп, бұл кітаптарға енгізілген деректердің толықтығы әрі дұрыстығын қамтамасыз етеді; Ауылдық округ әкімі аппаратындағы электронды шаруашылық кітаптарын жүргізеді; «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 25 сәуірдегі № 93 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы «Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі» өтініштерді қабылдайды және уәкілетті органға жолдайды, комиссия жұмыстарын ұйымдастырады; Шетелден көшіп келген азаматтармен жұмыс жүргізеді; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген баспабланкілік өнімдерінің бүлінген, пайдаланылмаған даналарын жоюға бөлу және есепке алу жұмыстарын жүгізеді; Кіріс және шығыс құжаттарын жүргізеді; Қазақстан Республикасының 2020 жылдың 29 маусымындағы №350-VI ҚРЗ «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодекісіне» сәйкес: «Е-лицензия», «Е-өтініш», «Е-халық» және «Құжат айналымы» бағдарламаларымен жұмысты үйлестіреді. Ведомстволық мұрағат құжаттарын жүргізеді; Ауылдық округ әкімінің аппаратының құжаттарын сақталуын, мұрағатқа өткізілуін қамтамасыз ету. Жойылатын құжаттарды комисссия шешімі негізінде хаттап, жою жұмыстарын жүргізеді; Іс қағаздарды жүргізудің номенклатурасына сәйкес № 01-45 ден 01-76 ға дейін істерін ашу, оларды мерзіміне қарай жүргізу
Функционалдық блок – А.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы облысы Кеген ауданы, Кеген ауылы, Б.Момышұлы көшесі №9
-
+77016980427