Алматы облысы Кеген ауданыны әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы №11-02 индексі.
Кеген ауданының әкімдігі
Алматы облысы
153751
Жалпы біліктілік талаптары
Е-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, осы Үлгілік біліктілік талаптарының 9-тармағына сәйкес жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
- Бизнес және басқару
- Құқық
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Бухгалтерлік есеп және аудит
- Қаржы және кредит
Қосымша талаптар
ақпараттық коммуникациялық технологиялар
Функционалды міндеттер
Аудан әкімі мен аудан әкімі аппаратының басшысына және осы бөлімнің басшысына бағынады және олардан тапсырма алады; Жұмыс бабында бөлімшенің жұмысын ұйымдастырады және бөлімшеге жүктелген міндеттердің орындалуын бақылайды; Бөлімшедегі қызметкерлер арасында міндеттерді белгілейді, бөлімшеде тиісті тәртіп орнатады және ұйымдастырады; Аудан әкімі аппаратының басшысына бөлімше қызметкерлерін лауазымға тағайындау және босату, оларды жауапқа тарту және көтермелеу туралы ұсыныс енгізеді; Аудан әкімі аппаратының басшысына бөлімшенің құрылымдық жетілдіруі жөнінде ұсыныс енгізеді; Бөлімше алдына қойған міндеттерді орындау барысында аудан әкімі аппаратының қызметкерлерін қатысуға жұмылдырады; Тексеру кезінде анықталған кемшіліктерді жою мақсатында құрылымдық бөлімшелерге ұсыныстар жібереді; «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға сәйкес банктік операциялар жүргізуді жүзеге асырады; Мемлекеттік сатып алу бойынша хаттамалардың дұрыстығын, Қазынашылыққа ұсыну үшін шот-фактуралар мен басқа бастапқы құжаттардың дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады; Порталға орналастыру үшін мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасын әзірлейді; Тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді жоспарлайды және мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және/немесе қосымшалар енгізеді; Бөлімшенің құзырындағы аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобасын дайындауды қадағалайды. Жүзеге асырылатын барлық шаруашылық операцияларды бақылауды және олардың бухгалтерлік есептерде көрініс табуын, шұғыл ақпарат ұсынуды, белгіленген мерзімде бухгалтерлік есептілік құрастыруды қамтамасыз етеді; Аудан әкімі аппаратының жоспарлаған бюджеттік жылға бюджеттік тапсырыс есебін құруын, төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарларын құруын бақылауды жүзеге асырады; Бюджет бойынша іс жүзіндегі және кассалық шығыстардың жүргізілуіне, бағдарлама кесінінде мемлекеттік тапсырысқа бақылауды жүзеге асырады; Кәсіпорындар және ұйымдармен тауарлар мен қызметтер жеткізу бойынша өзара есеп ағымдағы салыстырып тексерулерді жүзеге асырады; Аудан әкімі аппаратының қызметкерлеріне кеңсе тауарларымен қамтамасыз етеді. Кәдесый өнімдерін сатып алу және есептен шығаруды жүзеге асырады. Байланыс желілері мен телефон аппараттарын қосу, ауыстырып көшіру, жөндеу жұмыстарын қамтамасыз етеді; Барлық бухгалтерлік құжаттаманың уақтылығы мен өңделу сапасын және кассалық операциялар туралы ереженің сақталуын бақылайды; Бөлімшенің құзырындағы жоғары органдардан түскен бақылау құжаттарының дер кезінде және берген мәліметтердің толық орындалуын бақылайды.
Функционалдық блок – С.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы облысы Кеген ауданы, Кеген ауылы, Б.Момышұлы көшесі №9
-
+77016980427