Алматы облысы Кеген ауданының «Тасашы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маман-есепшісі, Индекс №30-02

Мемлекеттік орган

Кеген ауданының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

E-G-3 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

180517

Жалпы біліктілік талаптары

E-G-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Қаржы
  • Бухгалтерлік есеп және аудит
  • Қаржы және кредит
  • Бухгалтерлік есеп

Қосымша талаптар

экономика, бухгалтерлік  есеп және аудит

Функционалды міндеттер

Қазақстан  Республикасы  Президентінің, Үкіметі  актілерінің, облыс  және  аудан, ауыл әкімдерінің  шешімдерін, өкімдерінің  орындалуын  қамтамасыз  етуге; Аудандық экономика, бюджеттік жоспарлау бөлімі мен қазынашылық, қаржы, бөлімдерінің  жұмыстарын  орындау. Негізгі қаржылық қордың есебін, әкім аппаратының сметасының есебін жүргізу және есебін алуды ұйымдастыру, дайындау және орныдалуын жүзеге асыру. Спецификалар бойынша қаржылық шығындарға талдау жүргізу. Қаржылар мен материалдық мүліктерді түгендеу, материалдық, қаржылық қорлардың пайдалануын, мүліктің сақталуын бақылау Ашық бюджет, азаматтық бюджет, ЕССО стастикалық және салық, бюджеттік өтінім т.б. есептерін тапсыру. Ауылдық   округ  әкімінің   берген  басқада  тапсырмаларын  орындау. Кәсіподақ тобының жұмысын атқару. Өз саласы бойынша бухгалтерлік есептерді әзірлеу. Электр   энергиясымен (ГЭС),телефон   байланысы   мекемелерімен  есеп  айырысу, мекемеге қажетті көше безендіру жұмысын әзірлеу. Әкім жанындағы қоғамдастық комиссиялардың жұмыстарын ұйымдастыру. Ауылдық   округ  әкімінің бас маманы  еңбек демалысына шыққанда, сырқаттанып   қалғанда,  іссапарға кеткенде оның міндетін уақытша атқару. Қазақстан  Республикасының  тиісті  заңдарын  басшылыққа  ала  отырып, ауылдық  округ  әкімі  аппаратында  қаржы  жұмысын  жүргізу.Ауылдық  округ  әкімі  аппарат  қызметкерлерінің  айлық  еңбекақыларын  дер  кезінде  есептеп, тиісті  шоттарға  аударып  отыру. Ауылдық  округ  әкімі  аппарат  қызметкерлерінің  еңбек  демалыстарына шығу  кестесін  жасап, орындалуын  қамтамасыз  етіп  отыру. Ауылдық  округ  аумағында  тиісті  тендер  өткізуге  құжаттар  әзірлеу. Мемлекеттік  сатып  алу  жоспары  бойынша  тиісті  жұмыстарды атқару. Мекеменің  қаржылардыру  жоспарын  жасап, оның  орындалуын  қадағалап  отыру. Заңға  сәйкес  бюджеттік  есеп  жүргізуді  ұйымдастырып, жүзеге  асыру, қаржының  мақсатты  жұмсалуына  басшылық  жасап  отыру. Мемлекеттік  меншіктің  сақталуына  баса  назар  аудару. Еңбек  тәртібі  мен  қызметтік  нұсқаулықтардың  сақталуын  қамтамасыз  етіп  отыру. Конкурстық (тендерлік, аукциондық) комиссия отырысының хаттамасы және оларға қатысты құжаттарды реттеу. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу конкурсына (тендерінде) қатысушы әлеуетті өнім берушілердің тапсырыстары, өтініштері тіркейді. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысу үшін әлеуетті өнім берушілерге конкурс ұйымдастырушылар ұсынатын конкурстық (тендерлік, аукциондық) құжаттамаларын реттейді. Бір көзден сатып алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың (тікелей сатып алудың) құжаттарын реттеу. Іс қағаздарын  жүргізудің номенклатурасына сәйкес жеке істерін ашу, оларды мерзіміне қарай жүргізу. Істердің сапалы сақталуын  қамтамасыз ету.Функционалдық блог – B.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 20.10.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

23.10.2023 – 01.11.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы Кеген ауданы, Кеген ауылы, Б.Момышұлы көшесі №9

Анықтама алу үшін байланыс

87016980427