Алматы облысы Кеген ауданының «Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік ммекемесінің бас маман-есепшісі,Индекс №26-02

Мемлекеттік орган

Кеген ауданының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

E-G-3 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

100000 - 300000

Жалпы біліктілік талаптары

E-G-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Қаржы
  • Бухгалтерлік есеп және аудит
  • Қаржы және кредит
  • Бухгалтерлік есеп

Қосымша талаптар

экономика,бухгалтерлік есеп және аудит

Функционалды міндеттер

Өз саласына қатысты бақылауда тұрған ҚР Президентінің, ҚР Үкіметінің, облыс, аудан, ауылдық округ әкімдерінің шешім, қаулы және өкімдерінің уақытына сай орындалуын қамтамасыз етеді. Өз саласы бойынша өкім, шешімдердің жобасын заңға сәйкес сапалы әзірленуіне және заңдылығына жауап береді; Өз саласы бойынша өкім шешімдер шығарады, шаралар мен бағдарламалар, жұмыс жоспарын әзірлейді, орындалуын қамтамасыз етеді. Ауылдық округтің бюджетін жоспарлауды және атқаруды қамтамасыз етеді; Аудандық экономика, бюджеттік жоспарлау бөлімі мен қазынашылық, қаржы, бөлімдерінің жұмыстарын орындау. Қаржылардыру жоспарын жасап, оның орындалуын қадағалап отыру. Негізгі қаржылық қордың есебін, әкім аппаратының сметасының есебін жүргізу және есебін алуды ұйымдастыру, дайындау және орныдалуын жүзеге асыру.Спецификалар бойынша қаржылық шығындарға талдау жүргізу. Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің нысаналы және тиімді пайдалануын бақылауды жүзеге асырады; жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, есепке алынған мүлікті кейіннен баланстан шығара отырып, өзге тұлғаға күтіп ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіреді, ауылдық округтегі меншік (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) құқығын қорғауды жүзеге асырады, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъетісінің құқықтарын жүзеге асырады; Мүліктерді түгендеу және есеп берудің біріңғай жүйесін іске асыру (ЕССО). Кәсіподақ тобының жұмысын атқару. Өз саласы бойынша бухгалтерлік есептерді әзірлеп өткізу; ашық бюджет, азаматтық бюджет, статистикалық және салықтық есептерді уақытылы тапсыру. Электр энергиясымен (ГЭС), телефон байланысы мекемелерімен есеп айырысу және электірлік көрсеткішті жүйеге енгізу. Жергілкті қоғамдастық жиынын ауыл, көше, көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілкті қоғамдастық жиналысын өткізуді қамтамасыз етеді; жанындағы қоғамдастық комиссиялардың жұмыстарын ұйымдастыру. Жергілікті қоғамдастықтың жиналысында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есепті ұсынады, хаттамасын жинақтап отырады.; Ауылдық округ әкімінің бас маман салық инспекторы еңбек демалысына шыққанда, сырқаттанып қалғанда, іс - сапарға кеткенде оның міндетін уақытша атқару.  Қазақстан Республикасының тиісті заңдарын басшылыққа ала отырып, ауылдық округ әкімі аппаратында барлық қаржы жұмысын жүргізу.  Ауылдық округ әкімі аппарат қызметкерлерінің айлық еңбекақыларын дер кезінде есептеп, тиісті шоттарға аударып отыру. Қызметкерлерге айлық ақылары туралы анықтама беріп отыру.  Ауылдық округ аумағында тиісті тендер өткізуге құжаттар әзірлеп жүзеге асыру.  Мемлекеттік сатып алу жоспары бойынша тиісті жұмыстарды атқару.Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу конкурсына (тендерінде) қатысушы әлеуетті өнім берушілердің тапсырыстарын, өтініштерін тіркейді. Бір көзден сатып алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың (тікелей сатып алудың) құжаттарын реттеу.  Ауылдық окргтің бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды; Заңға сәйкес бюджеттік есеп жүргізуді ұйымдастырып, жүзеге асыру, қаржының мақсатты жұмсалуына басшылық жасап отыру.  Мемлекеттік меншіктің сақталуына баса назар аудару. Еңбек тәртібі мен қызметтік нұсқаулықтардың сақталуын қамтамасыз етіп отыру. Ауылдық окргтің коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу реконструкциялау және жөндеу жұмыстары бойынша «Тапсырыс беруші» болады; конкурстық (тендерлік, аукциондық) комиссия отырысының хаттамасы және оларға қатысты құжаттарды жүзеге асыру. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысу үшін, конкурс ұйымдастырушылар ұсынатын конкурстық (тендерлік, аукциондық) құжаттамаларын реттеп тапсыру. Іс қағаздарын жүргізудің номенклатурасына сәйкес жеке істерін ашу, оларды мерзіміне қарай жүргізу. Істердің сапалы сақталуын қамтамасыз ету. Өз саласына қатысты кеткен кемшіліктерді мерзімінде түзетіп, салынған айыппұлды төлеуге міндетті. Қазақстан Республикасының Елтаңбасы бейнеленген мөр мен мөртаңбасын сақтау, тиісті маманға мөр мен мөртабанды берген жағдайда арнайы тіркеу кітабын жүргізу.Функционалдық блог – B.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 25.09.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

26.09.2023 – 04.10.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы Кеген ауданы, Кеген ауылы, Б.Момышұлы көшесі №9

Анықтама алу үшін байланыс

87016980427