Алматы облысы Кеген ауданының «Алғабас ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік ммекемесінің бас маманы, Индекс №22-04
Кеген ауданының әкімдігі
Алматы облысы
100000 - 300000
Жалпы біліктілік талаптары
E-G-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Функционалды міндеттер
Бас мамандар еңбек демалысына шыққанда, сырқаттанып қалғанда, іс-сапарға кеткекенде міндетін уақытша атқарады. Өз саласына қатысты бақылауда тұрған ҚР Президентінің, ҚР Үкіметінің, облыс, аудан, ауылдық округ әкімдерінің қаулы, шешім, және өкімдерінің уақытына сай орындалуын қамтамасыз етеді. Өз саласы бойынша өкім, шешімдердің жобасын заңға сәйкес сапалы әзірленуіне және заңдылығына жауап береді; Өз саласы бойынша өкім шешімдер шығарады, шаралар мен бағдарламалар, жұмыс жоспарын әзірлейді, орындалуын қамтамасыз етеді, өзінің саласы бойынша жиналыстардың хаттамаларын жазып, іс-шара жасайды. Малдарды ауылдық округтің аумағына әкелуіне және алып кетуіне, қозғалысына бақылау жүргізіп, ауыл шаруашылығы жануарларының есебін жүргізеді, ұйымдастырады; Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы № 47-VІ ҚРЗ Жайылымдар туралы заңына сәйке елді-мекенді жерлерде малды жаюға арналған орындарды анықтайды, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастырып, қадағалайды; Малды асылдандыру жұмыстарын ұйымдастыруға атсалысады, жануарларды ұстаудың санитарлық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізеді; «Е-халық» бағдарламасымен жұмысты үйлестіреді. Шаруа қожалықтары мен жеке тұлғалардың егістік жерлерінің, малдарының есебін жүргізуге, мал бадаларын ұйымдастырып, олардың жайылымдарын шешуге ықпал етеді, округ аумағындағы малдардың жайлауға орналасуын қадағалайды; Ауылдық округ бойынша электрондық шаруашылық кітабын (ЭПХ) жүргізеді, жеке тұрғындар мен шаруа қожалықтарындағы егістік жерлер мен малдарының толық есепке алынуын қамтамасыз етеді; Ауылдық округтегі электронды шаруашылық кітаптарына фермер қожалықтары мен үй шаруа қожалықтарының жері, егіс алқабы және мал басы туралы мәліметтерді енгізеді. Шаруа қожалықтарының тұқым түрлендіру жұмыстарын жүргізуін ұйымдастырады; Ауылшаруашылығы жәрмеңкелерін ұйымдастырады; Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша жұмыстар; Мереке күндері және басқа күндердегі кезекшілік кестесіне жауапты. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің қолданылуы мен олардың насихатталуын қадағалайды. Жұмыспен қамтуорталығының «Тұрақты жұмыс орны» - бағдарламасын жоспарға сәйкес орындау. Жұмыспен қамтуорталығының «Оқу» бағдарламасын жоспарға сәйкес орындау. Округ аумағындағы ауылшаруашылық техникаларының есебін жүргізеді; Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі N 2464 Конституциялық заңына сәйкес сайлау жөніндегі құжаттарды реттеп, сайлаудың өтуіне жауап береді(АИС). Аудандық мәслихатпен тығыз байланыста болады және мәслихаттан келген хаттарға жауап береді. Ауылдық округ бойынша жер пайдаланушылардың тізімін дайындап, олармен тұрақты жұмыс жүргізіп отырады. Жер пайдалану туралы өткізілген жиналыс хаттамаларының жобаларын әзірлейді; Ауылдық округтегі жеке қожалық пен шаруа қожалықтарының статистикалық (мал шаруашылығы жөніндегі 6-ж, 7-ж, егін шаруашылығы жөніндегі 6-р, 7-р нысандарыжәне2-сх, 4-сх, 29-сх) есептерін жүргізіп, мерзімінде тапсырылуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралыҚазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі N 246 Заңына сәйкес аз қамтылған отбасылары мен ата - ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастырады. Аз қамтылған отбасыларына төленетін жәрдемақыға тиісті құжаттарды жинақтайды (атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балаларға төленетін жәрдемақысы), оны комиссияға ұсынады. Ауылдық округ әкімінің жанынан құрылған жер комиссиясының хаттамасын жүргізеді. Ауылшаруашылығы саласына қатысты мемлекеттік бағдарламалардың («Жұмыспен қамту» , «Агробизнес» , «Алтын асық», «Құлан», «Сыбаға» т.б) іске асырылуын қамтамасыз етеді . Өз саласына қатысты кеткен кемшіліктерді мерзімінде түзетіп, салынған айыппұлды төлеуге міндетті. Іс қағаздарын жүргізудің номенклатурасына сәйкес жеке істерін ашу, оларды мерзіміне қарай жүргізу. Істердің сапалы сақталуын қамтамасыз ету. Өзінің бағалау парағын, жоспарын жасап бекітіп өткізіп отыру. «Е-қызмет» ақпараттық жүйені меңгеріп, жұмыс істеуге міндетті. Ақпараттық жүйедегі деректердің, ақпараттардың заңдылығына, дұрыстығына өзі жауапты. Өзіне бекітіліп берілген құралдардың сақталуына жауап береді. Функционалдық блог – B.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы облысы Кеген ауданы, Кеген ауылы, Б.Момышұлы көшесі №9
-
87016980427