Алматы облысы Кеген ауданының «Саты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы, индекс 28-05
Кеген ауданының әкімдігі
Алматы облысы
153 751
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Функционалды міндеттер
Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметі актілерінің, облыс және аудан, ауыл әкімдерінің шешімдерін, өкімдерінің орындалуын қамтамасыз етуге; Ауылдық округ бойынша елді мекендерге коммуналдық шаруашылық мәселесіне, санитарлық тазалық, көркейту көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастыру. Өрт қауіпсіздігін, өртке қарсы құралдардың сақталуын қамтамасыз ету. Ауылдық округтегі ауыз су мәселесіне су құбырларының дұрыс жұмыс істеуіне бақылау жасау, ұйымдастыру. Ауылдық округ әкімінің ғимаратын ретке келтіру, жөндеу, барлық кабинеттердегі мүліктердің есебін жүргізу, дұрыс сақталуын қадағалау. От жағу кезеңінде ауыл әкімі аппаратының кеңсе ғимараттының жылу жүйесінің дұрыс жұмыс істеуін қадағалау, мекемелердегі жанар майдың және отын - көмірдің есебін жүргізіп отыру. Қыс мезгілінде мекемелердің ( мектеп, емхана), әлеуметтік обектілердің жылу жүйелерінің дұрыс жұмыс істеуін қадағалау. Аудандық кадастрлық бюросы мекемесімен өз ара іс әрекетті қамтамасыз ету жұмыстарын үйлестіру. Ауыл тұрғындарының жекелік тұрғын үйлерінің толық құжаттарын жасатуға, құжатсыз үйлердің бұзылып кетпеуіне, көше реттілігін сақтауға, көше атауларын, үй номерлерін жасатуға, ілуге бақылау жасау, ұйымдастыру. Ауыл тұрғындарына, кәсіпкерлерге, меншік түріне қарамастан барлық объект иелеріне тұрғын үйлері мен кеңсе, дүкен,шаштараз,асхана,дүңгір-шек, АЗС, дәріхана т.б ғимараттарының тазалығы мен эстетикалық талапқа сай безендіру жөнінде ескертулер жасап, оның орындалуын қадағалау. Көшелерді түзеу, жолдарды жасау жөнінде шара жасап, ұсыныс енгізу. Меншік түріне қарамастан барлық жаңадан салынатын объектілердің заң талаптарына сай орналастырылуын қадағалау. Қажет болған жағдайда арнайы комиссияға ұсыныс енгізу. Заң талаптары бұзылған жағдайда тиісті органдарға жазбаша хабарлау. Жаңадан құрылыс салуға жер беруді сұраған ауыл тұрғындарының өтініштерін қарап, ұсыныстар енгізу, жер беру жөнінде шешімнің жобасын дайындайды. Оның орындалуына бақылау-басшылық жасау. Округ әкімінің басқа тапсырмаларын орындау.Көше комитеттерінің жұмыстарын ұйлестіру. Іс қағаздарды жүргізудің номенклатурасына сәйкес № 07-01 ден 07-06 дейін істерін ашу, оларды мерзіміне қарай жүргізу. Істердің сапалы сақталуына жауап береді. Аппарат қызметкерлері мен техникалық қызметкерлердің техникалық қауіпсіздік ережесінің сақталуын қадағалайды. Сайлау жөнінде құжаттарды реттеп, сайлаудың өтілуіне жауап береді (АИС). Терроризмге қарсы іс-қимылды ұйымдастырады, ақпараттық-түсінік тобының жоспарын құрастырып, бекіттіреді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларының орындалуын бақылайды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою ережелеріне сәйкес рәміздерді ауыстырады немесе жояды. Ақылы қоғамдық жұмысқа тартылған азаматтардың жұмысқа қатысуынқамтамасыз етеді және олармен жүргізілетін құжаттардың (келісім шарттар, табельдер, айлық есептер, техникалық қауіпсіздік ережесі т.б.) толық әрі дұрыс жүргізілуіне жауап береді.
Функционалдық блог – С.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы облысы Кеген ауданы Кеген ауылы Момышұлы көшесі 9
-
87016980427