Балалар ойын алаңы мен көше жаттығу алаңдарын салу бойынша

Балалар ойын алаңы мен көше жаттығу алаңдарын салу бойынша, 2022 жылы балалар ойын алаңын салуға Ақсай, Жалаулы, Жаңа Тасашы ауылдарына қаржы бөлініп, өтпелі кезеңмен жұмыстар жүргізілуде.
Аудандық «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-сі арқылы 2023 жылы Кеген, Кіші Қарқара, Құрметі, Алғабас, Жылысай, Ұзынбұлақ, Тұйық, Бөлексаз ауылдарына балалар ойын алаңы мен көше жаттығу алаңдарын орнатуға қаржы бөлініп, конкурстық құжаттамалар әзірленуде.
Одан бөлек, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасымен Ақтасты, Тоғызбұлақ ауылдарына балалар ойын алаңын орнатуға қаржы бөлініп, аталған ауылдарға 2023 жылдың аяғына дейін пайдалануға берілетін болады.