Көпқабатты тұрғын үйлерге ағымдағы жөндеу жүргізу бойынша

Көпқабатты тұрғын үйлерге ағымдағы жөндеу жүргізу бойынша, 2022 жылы Кеген ауылдық округінің әкімдігі арқылы, Кеген ауылындағы Б.Атыханұлы көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үй ағымдағы жөндеуден өткізіліп, жұмыстар толығымен аяқталды.

2023 жылы аудандық «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-сі арқылы, Кеген ауылындағы көпқабатты 4 тұрғын үйге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге, Кеген ауылдық округінің әкімдігіне қаражат бөлініп, сметалық құжаттар дайындалуда.